Идеядан нәтижеге: Павлодардағы өңірлік кәсіпкерлер палатасында тұлғалық өсу тренингі өтті
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 20 ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкер әйелдер жиналды.
Мұнда олар нәтижелерден жоғары нәтижеге жету, бизнес-идеяларды құру және нарықтарды зерттеу, бизнестің табыстылығын (өміршеңдігін) бағалау және талдау туралы айтты. Сондай-ақ қаржылық сауаттылық және жоспарлау мәселелері, тәжірибелік маркетингтік зерттеулер жүргізудің нюанстары талқыланды.
«Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес құзыреттілігін арттыру бойынша вебинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, тақырыптар әртүрлі бизнес салаларының өкілдерін қызықтырады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ӨКП жанынан 2022 жылдың наурыз айында ашылды. Осы уақыт аралығында мұнда жеке тұлғаны дамытуға арналған 28 іс-шара және мамандандырылған оқыту бойынша 5 оқу курсы өткізілді», - дейді кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьянова.
Мысалы, сәнгер Елена Золотухина өзінің сән көрсетілімінің әдістемесін қалай патенттеу керектігін және осы тауашаны қалай кеңейтіп, дамыту керектігін сұрады.
Елена Гребенщикова арт-терапиямен айналысады. Ол да өз жобасын кеңейтуге мүдделі.
«Кездесу өте қызықты өтті, барлық қатысушылар сұрақтар қойып, әркім өз саласы шеңберінде идеяларымен бөлісті. Біз осындай шараларды жалғастыруды көздеп отырмыз. Ісіңізді дамытуға қатысты сұрақтарыңыз болса, Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 үй мекенжайы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына әрқашан хабарласуға болатынын еске саламыз», - деп түйіндеді Әсия Закарьянова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: