«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» тұқым шаруашылығына, астық нарығына және ветеринарияға қойылатын 2135 талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді

2023 жылғы 09 Ақпан
- Павлодар облысы
6163 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы өзінің агроөнеркәсіптік кешен комитеті жанынан ауыл шаруашылығының әрбір бағыты бойынша секторлар құратын болады.

«2022 жылы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бөлімі тұқым шаруашылығы, астық нарығы және ветеринария саласындағы 2135 талапты қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деді облыстық «Атамекен» ӨКП директоры Серік Сәдуақасов.

Өткен жылы Палатаның АӨК дамыту бөлімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған жұмыс топтарының құрамында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар, нормативтік-құқықтық актілерді жою немесе қайта қарау мәселелеріне арналған 30-дан астам онлайн отырыстарға қатысты.

«АӨК комитетінің жанынан балық және ет шаруашылықтарының секторлары, өңдеушілер және жылқы өсірушілер қауымдастығы жұмыс істейді. Аграршылар үшін біз офлайн режимінде және ZOOM арқылы дөңгелек үстелдер, жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен конференциялар ұйымдастырамыз», - деп түсіндірді «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаев.

Оның айтуынша, 2022 жылы 14 мәселе қаралған. Күрделі мәселелер туралы ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шешім қабылдау үшін жіберілді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығының әр бағыты бойынша секторлар құру жоспарлануда.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан арнайы комиссия жұмыс істейді. 2022 жылы облыстағы 16 кәсіпорынды аралады: сүт-тауарлы ферма және 2 құс фабрикасы. Барлық кәсіпорындар субсидия алады.

Сонымен қатар, өткен жылы Павлодарлық «Атамекен» Ұлттық палата мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қатысуымен 5 отырысқа қатысып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сұрақтары талқыланды. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауды жетілдіру тетігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер