«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша 5 комитет құрды

2023 жылғы 08 Ақпан
- Павлодар облысы
6175 просмотров

ӨКП құрамындағы комитеттер кәсіпкерлік субъектілеріне енді жеке және жүйелі мәселелерді шешуге, өнімдерін ілгерілетуге, олардың біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

«Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында әртүрлі бағыттар бойынша 5 комитет құрылды: агроөнеркәсіптік кешен комитеті; өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; туризм және қонақ үй бизнесі; білім беру; сауда және қызмет көрсету», - дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Осы комитеттердің барлық жұмысы бизнес пен кәсіпкерлік субъектілерін дамыту мәселелерін шешу үшін бизнес-қоғамдастықтардың мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттестігіне бағытталған.

Комитеттер ереже мен бекітілген жұмыс жоспары негізінде жұмыс істейді. Әр комитеттің өз төрағасы мен жұмыс тобы бар. Өңірлік палатадан әрбір комитетке ӨКП директорының орынбасарлары немесе бөлім басшылары жетекшілік етеді.

Бұл комитеттерде, атап айтқанда, шаруалардың жүйелі және жеке мәселелерін шешуге атсалысып, нормативтік-құқықтық актілерді және салалық сараптамаларды сараптаумен айналысады, әкімшілік кедергілерді шешуге және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар, олар семинарлар, курстар, форумдар өткізеді, іскерлерге дәріс береді, сондай-ақ бүкіл салаларды дамытуға арналған идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі, бизнес-турлар мен тәжірибе алмасуды ұйымдастырады. Сонымен, осындай комитеттердің жұмысы арқылы Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы пиар- бизнесті ілгерілетуге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер