«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі салық төлеушілерді қолдайды

2023 жылғы 07 Ақпан
- Павлодар облысы
7870 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында шаруаларға түсетін салық жүктемесінің артуы, олардың өнімдері құнының қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін деген мәселе көтерілді.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге түсетін салық ауыртпалығы бірнеше есе артты, көбі үшін бұл өте қиын. Сонымен қатар, бүгінде олардың кейбіреулерінің шоттары бұғатталған. Қорытындысында, бұл шығындар  картоптың, қырыққабаттың және сәбіздің бағасына әсер етеді. Мұндайда бағаны қалай тежеуге болады?», - деді Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Арсен Жақыпов, Кәсіпкерлер палатасындағы  жауапты мемлекеттік органдар, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен өткен Павлодар қаласының құрамына кіретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу мәселесі тақырыбындағы жұмыс отырысында.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.

«Осы себепті мемлекеттік органдарға, өз құзыреті шегінде, ағымдағы жағдайға ұсыныстары мен шешімдерін дайындау ұсынылады», - деп көтерілген мәселе бойынша «Атамекен» ӨКП директоры Серік Сәдуақасов түсіндірді.

Павлодар облысының прокуратурасы бұл мәселені өз бақылауына алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер