«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекеннің» жаңа комитеттері бизнеске көмектесуде

2023 жылғы 31 Қаңтар
- Павлодар облысы
6025 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында белгілі бір саланы ұсынатын кәсіпорындармен түрлі мәселелерді шешу үшін 5 жаңа салалық комитет құрылды. Екі жаңа комитет өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және туризм мәселелерімен айналысады.

«Бір жыл ішінде «Атамекен» ӨКП-ның жобаларды сүйемелдеу бөлімі кәсіпкерлермен белсенді жұмыс жүргізді. Жетекші кәсіпорындармен 12-ден астам тренингтер мен түрлі бизнес салаларындағы проблемалық мәселелер бойынша дөңгелек үстел кездесулері ұйымдастырылып, өткізілді», - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Светлана Золотарева, өз әріптестерінің 2022 жылғы жұмысының қысқаша нәтижелері туралы.

Өткен жылы жобаларды сүйемелдеу бөлімі кәсіпкерлерге қандай қаржылық қолдау көрсетілетіні туралы ашық есік күнін өткізді. Кәсіпкерлерді «Қазақстанның үздік тауарлары» және «Алтын сапа» байқауларына сүйемелдеу бойынша көп жұмыс атқарылды.

Бөлімде 2 комитет құрылды: «Туризм және қонақ үй бизнесі» және «Өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық», - деп қосты Светлана Золотарева.

Жыл бойы осы бөлімнің ұжымы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарды талқылау үшін комиссия отырыстарын өткізді.

Сонымен қатар, сарапшылар шетелдік компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізіп, бірлескен ынтымақтастықты талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер