«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекеннің» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жыл қорытындысы бойынша бизнеске 8300-ге жуық кеңес берді

2023 жылғы 26 Қаңтар
- Павлодар облысы
6202 просмотров

2022 жылы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері Павлодар облысының аудандары мен қалаларында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мен кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

«2023 жылы Павлодар облысы бойынша «Атамекен» палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) кәсіпкерлік субъектілеріне 67 кеңес берді, оның ішінде 25 кәсіпкерге салық декларациясы тапсырылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері аудандарда 889 кеңес берілді», - деді Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьянова.

2022 жылы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының КҚО-ның қызметкерлері бухгалтерлік есеп, заң қызметтері бойынша 682 кеңес берді, сонымен қатар бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және бизнес-жоспарды дайындау бойынша кеңестер берді.

«Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалдарында менеджер-кеңесшілер кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау және облыс тұрғындарын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 7578 кеңес берді», - деп қосты Әсия Закарьянова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер