«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер лифттерге қызмет көрсететін компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрайды

2023 жылғы 19 Қаңтар
- Павлодар облысы
8493 просмотров

Павлодар облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің бірінші отырысы өтті.

Жиында көтерілген мәселелердің бірі лифттерді қайта жаңғырту мен ауыстыруға қатысты.

«Бизнес өкілдері қазір мұндай компанияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейтінін айтады. Сондықтан үйлердегі лифттерді ауыстыру тұрғындардың өз есебінен жүргізілуде. Бұл ретте бір лифт шамамен 15 миллион теңге, ол қарапайым тұрғындар үшін тым қымбат», – дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Светлана Золотарева.

Сонымен қатар, бүгінгі күні лифт компаниялары кабиналарды орнату және жөндеу жұмыстарына тартылуы тиіс мамандардың тапшы екенін айтады.

Осы алғашқы отырыста комитет төрағасы мен оның орынбасары сайланып, жұмыс жоспары мен негізгі бағыттары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер