«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер мен Павлодарлық «Атамекеннің» аудандағы филиалы ерекше балаларға мереке ұйымдастырды

2023 жылғы 11 Қаңтар
- Павлодар облысы
5376 просмотров

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында кәсіпкерлер, шаруалар, фермерлер, Кәсіпкерлер палатасы және Іскер әйелдер кеңесі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың демалысын ұйымдастыруға көмектесті. Олар балаларға оқуға арналған пайдалы ойыншықтар мен тәттілер сатып алды.

«Әр бала жыл сайын Жаңа жыл мерекесін, сәнді шыршаны, Аяз ата мен Ақшақарды және ертегі кейіпкерлерімен кездесуді асыға күтеді. Осы мерекеде балалар ертегілер мен ғажайыптардың болғанын, арман-тілектерінің орындалғанын қалайды», - дейді «Атамекен» Павлодар облыстық палатасының Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжанов.

Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Дисенова мен кәсіпкерлер жергілікті бүлдіршіндерге оқуға арналған ойыншықтар алып берді. Бизнес өкілдері ерекше білімге мұқтаж балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.

Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің әдіскері Күміс Сәлкенова Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжановқа, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Дисеноваға, «СольХимПром» ЖШС директоры Елена Шипицина, аудан кәсіпкерлері Мария Әлібековаға, Жамбулат Дайырбековқа, Бауыржан Айкеновке, Жанар Рапиковаға, Лариса Шутоваға, Наталья Абросимоваға, Нина Филипишинаға ілтипат пен жүрек жылуы үшін шексіз алғысын білдірді.

Шаруа және фермер қожалықтарының басшылары Жамбылбай Ахметовке, Ерсайын Құсайыновқа, Василий Кассаға, Сергей Супрунға, Бәкібай Айбатқа, Әділ Қасеновке, Асылбек Жұмановқа, Ернұр Ахметовке, Александр Мартияненкоға көрсетілген көмектері үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер