«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық компания екі мектеп пен зағиптар қоғамының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті

2023 жылғы 04 Қаңтар
- Павлодар облысы
6712 просмотров

«BURЖУЙ» ЖШС №9 және №29 мектеп оқушылары мен «Қазақ зағиптар қоғамы» облыстық филиалының балаларына жүздеген жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, компания қызметкерлерінің таңдап, өз қолдарымен жинаған тәттілерді алушылардың қатарында тек қана аз қамтылған отбасының балалары ғана емес, олимпиада жеңімпаздары да бар.

Павлодарлық «BURЖУЙ» ЖШС жеті жылдан бері қала оқушыларына сыйлық жасап келеді. Бұл дәстүрді компанияның өзі ойлап тапқан.

«Бұрын біз тек аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға ғана сыйлық беретінбіз, бірақ тек мұғалімдер немесе мектеп басшылығы жасаған тізімдер бойынша ғана емес, шынымен де көңіл бөлуді қажет ететін балалар туралы өзіміздің ақпаратымыз бойынша әзірлейміз. Өйткені, көпшілігі мұндай тізімге фамилиясын ұсынуға ұялуы мүмкін немесе олардың отбасында көмек сұрау әдетке жатпайды. Мұғалімдер ата-анасы адал жұмыс істейтін, балаларын және өз отбасыларын адал асырайтын, бірақ бәрібір материалдық қолдауды қажет ететін отбасыларды біледі, бірақ олар өздерін мұқтаждар қатарына қоспайды, себебі кейбіреулері намыстанады деп айтуға болады », - деді компанияның негізін қалаушы Алексей Мазур.

Кәсіпкер, бәлкім, оның кәсіпорны басқаларға үлгі болар деп есептейді. Ол жаңа жыл қарсаңында мұқтаж жандарға еш жарнамасыз қомақты көмек көрсететін көптеген кәсіпкерлерді біледі, соңғы алты жылда «BURЖУЙ» ЖШС солардың қатарында.

«Бұған дейін барлық дайындалған сыйлықтарды өзіміз жинадық. Қазір бүкіл әкімшілік осы себеппен кеңседе жиналып, дастархан жайыпе, көтеріңкі көңілмен дәмді тәттілерді жаңа жылдық қораптарға сұрыптайды, оларды біздің тапсырысымыз бойынша дизайнерлер арнайы әзірлеп, баспаханада шығарады », - дейді Алексей Мазур.

Кәсіпорын қызметкерлері негізінен дайын және оралған жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алмайды, нарықтағы ең жақсы тәттілер мен шоколадтарды сатып алады, содан кейін оларды қораптарға өздері салады. Әр қаптамада тәттілер шын жүректен, көп мөлшерде жиналады және олар айтқандай, мұндай тәттілер жиынтығынан ұялмайды. Сондай-ақ сыйлықтарды өздері таратады.

«BURЖУЙ» ЖШС өзі жасап жатқан қайырымдылық акцияларын ешқашан жарнамалаған емес. Енді компания ата-анасы жаңа жылдық сыйлық сатып алуда қиналатын балалардың қосымша санатын табуға көмек сұрап, Павлодар Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Төрт жылдан бері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушыларға аз қамтылған отбасы балаларынан бөлек, сый-сияпат жасап келеміз. Бұл шешімді өз тәжірибем негізінде қабылдадым. Мектепте оқып жүргенде қолымнан келгенше барлық шараларға қатыстым. Ал олимпиадалар маған қазір ересек өмірде пайдалы болатын көптеген нәрселерді берді: жаңа таныстар, келіссөздер жүргізе білу, мақсат қойып, оған жету қабілеті, стандартты емес шешімдерді іздеу қабілеті, еңбекқорлық. Көптеген олимпиада жеңімпаздары үшін олардың жеңісі тек мақтау мен дипломдармен аяқталды. Мен осындай ақылды балаларға сыйлықтар бере отырып: менің табысты кәсіпкер болғанымның негізі- жас кезімде олимпиадаларға белсенді қатысу үлкен себеп болды деп атап өткім келеді»,- деді Алексей Мазур.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мүбәрәк Жақыповтың айтуынша, осындай әлеуметтік жауапты бизнес өкілдерінің арқасында қарапайым халық қомақты қолдауға ие болуда.

Алексейдің павлодарлықтарға қайырымдылық көмек көрсету туралы ойлары мен жоспарлары көп. Олардың бірі - жақсы тоңазытқыш. Бірақ бұл туралы келесі жолы толығырақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер