«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекеннің» кеңесшілері Қазақстан бойынша үздік болып шықты

2022 жылғы 28 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5551 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының (КҚКО) кеңесшілерін аттестациядан өткізді. Рейтинг бойынша бірінші орынды Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасы иеленді.

2022 жылы Павлодар қаласының КҚКО-да кеңесшілер 666 клиентке 682 кеңес берді, жоспар 630 клиент еді, яғни жоспар 106%-ға орындалды. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарында кеңесші-менеджерлер 2021 клиентке 7578 кеңес берді, мұнда жоспар 7346 кеңес беру еді, орындалуы 103,2% құрады.

"Желтоқсанның 5-7 күндер аралығында Қорытынды аттестаттау өтті. Ол мемлекеттік бағдарламалар мен мамандандырылған қызметтерді білу бойынша онлайн тестілеуден құралды. Қаржылық емес қолдау бөлімдерінің басшылары консультанттардың жұмысын бағалау үшін сауалнама жүргізді. Нәтиже бойынша қорытынды аттестацияда Павлодар облысы 92% жинады. Осылайша, біздің облыс рейтингте 1-орынға тұрақтады. Көшбасшылар «үштігіне» Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы да кірді», - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мүбәрәк Жақыпов.

Осы аттестаттау қорытындысы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты Павлодар облысының кеңесшілерін алғыс хатпен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Павлодар қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының (КҚКО) кеңесшілері: Ғалия Байғазинова, Наталья Кучерук, Айгүл Маймышева және Әлилхан Төлеубай.

Палатаның қалалық және аудандық филиалдарының кеңесшілері арасынан Гүлзия Жакина, Айгүл Жағапарова, Алтын Садбекова, Рашид Смайылов, Жанара Сейітова, Серік Айтжанов, Марат Мұсақанов, Жанар Бәренова, Гауһар Шакрат және Диана Тілеубекова алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер