«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» тәлімгері әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығына көмек көрсетті

2022 жылғы 23 Желтоқсан
- Павлодар облысы
7792 просмотров

Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығына кір жуғыш машинаны Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Жәмилә Ерназарова өз қаражатына сатып алды.

Мекемеге жаңа кір жуғыш машина алуға көмектесу туралы өтінішпен аталған орталықтың директоры Айнаш Ілиясова облыстық «Атамекен» ӨКП-на жүгінді. Ескі кір жуғыш машина енді тәулік бойы жүктемені көтере алмайды. Өтінішке кәсіпкер, тәлімгер Жәмилә Ерназарова жауап берді.

«Жәмиля 1 желтоқсанда біздің орталықта азаматтарды қабылдауда болды. Сол кездесуде біздің әйелдер сыйлыққа кір жуғыш машина сұрады. Осыдан кейін «Атамекен» палатасына өтініш жаздық. Жаңа жыл қарсаңында арманымыз орындалды!» – деп қуанышымен бөлісті Айнаш Ілиясова.

Оның айтуынша, машинаны пайдалану үшін арнайы кесте жасалады. Оның пайда болуымен тұрмыс жағдай әлдеқайда жақсарады. ұжымды және осында тұратын адамдарды Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мүбәрак Жақыпов құттықтады.

«Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығына осында ұзақ уақыт тұратын әйелдер мен балаларға өте қажетті құрал-жабдықты алуға көмектескені үшін Жәмилә Ерназароваға алғысымызды білдіреміз. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ерекше көңіл қуантады», - деді Мүбәрак Жақыпов.

Павлодар Ертіс өңірінің барлық іскерлері көмекке мұқтаж адамдардың өтініштеріне үн қосуда. Облыс кәсіпкерлері Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға, Павлодарда және ауылдардағы үйлері өртенген отбасыларға, сондай-ақ, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға жәрдемдеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер