«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен Екібастұз кәсіпорындарына қайда хабарласуға болады

2022 жылғы 21 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5948 просмотров

Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері қала әкіміне өтінішпен жүгіне алады. Екібастұз қаласының әкімдігінде Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына келтірілген шығынды өндіру туралы өтініш беру тәртібі түсіндірілді.

«Төтенше жағдай салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлер қала әкімінің атына ерікті түрде арыз беруге құқылы», - деді Екібастұз қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ринат Букаев.

Өтініш берілгеннен кейін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің көмегімен уәкілетті топ оқиға орнына барып, зақымдануды тексеру актісін жасайды.

«Кейін, тексеру актісінің қорытындысы кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалды өтеу мәселесін қарау үшін «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-не ілеспе хатпен жіберіледі», - деп қосты Ринат Бұқаев.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

- 8​ 778​ 222 48 96 (Екібастұз қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Букаев Ринат Қабдұлқайырұлы)

-​ 8 7182 66 03 11​ («Атамекен» ӨКП-ның қабылдау бөлімі);

-​ 8​ 771​ 173 43 42​ («Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Әубәкіров Серік Мақсұтұлы);

-​ 8​ 777​ 781 49 14​ ("Атамекен" ӨКП Екібастұз филиалының директоры Медият Мәдениетұлы Мұсанап).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер