«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзіміз туралы айту маңызды – журналист Р. Исабеков Павлодарлық «Атамекенде»

2022 жылғы 20 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6806 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында журналист және қоғам қайраткері Ризабек Исабековтің «Атамекен» ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы үшін жеке табыстылық бизнес тарихының күші туралы авторлық семинары өтті.

Семинар «Тарих құдіреті» деп аталды.

«Әрқайсымызда «Мен кіммін?» деген өзіміз туралы тарих бар. Мүмкін бұл тарихта «мен неліктен осы жерде тұрғаным жайлы» сипатталатын шығар. Не болмаса, сіздердің әрекеттеріңіздің құндылықтары туралы әңгімелейтін оқиға болуы мүмкін. Бұл сіздің өз ортаңызда немесе қоғамда нені өзгерткеніңіз туралы кейс болсын делік. Яғни, сіздер осы жерде игі іс жасап, халықтың өмір сүру сапасын жақсарттыңыздар», - дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Ж. Ерназарова.

Оның ойынша, егер іскер әйелдерде біреуге оңай әрі жылдам көмектесетін ғибратты әңгімелері, жеке ісінің даму тарихы бар болса, онымен бөлісу маңызды.

Бұл туралы Р.Исабековпен кездесуде сөз болды, ол кәсіпкерлермен әлеуметтік желіде жарнамалау технологиялармен бөлісті.

«Павлодар облысы «Атамекен» палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының әйелдерге арналған тарих құдіреті туралы авторлық семинары үшін алғысымды білдіремін. Осындай дарынды адамдардың біздің алаңда өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліскеніне қуаныштымын», - деді Ж. Ерназарова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер