«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» директорының орынбасарына Мемлекеттік награда берілді

2022 жылғы 19 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5677 просмотров

Жомарт Сембаев «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Награданы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары «Ауыл» партиясының төрағасы, сенатор, Сенат жанындағы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Әли Бектаевтың қолынан алды.

«Марапаттау рәсімі Астанада еңбек үздіктерінің алтыншы форумы аясында өтті. Біз әріптесіміз үшін өте қуаныштымыз, оған жаңа табыстар мен марапаттар тілейміз», - дейді «Атамекен» Павлодар облыстық палатасында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер