«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

“Атамекен” өңірлік палатасы павлодарлық кәсіпкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы жаңа комитеттер туралы әңгімеледі

2022 жылғы 19 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5760 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кездесу өтті. Өңірдің кәсіпорындары мен олардың басшылары "Атамекен" ӨКП марапаттарымен марапатталды.

Палата бизнес өкілдерін келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, амандық және кәсіби қызметте одан әрі табыс тіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Серік Әубәкіров Павлодар кәсіпорындарының басшылары мен өкілдеріне "Атамекен" ӨКП дипломдары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Облыстық, республикалық "Қазақстанның үздік тауары" конкурстарына және "Алтын сапа" сыйлығын алу конкурсына белсенді қатысқаны үшін "Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС, "МолКОМ-Павлодар" ЖШС дипломдармен, ал алғыс хатпен - "Айсберг" ЖШС марапатталды.

Сонымен қатар, "Қазақстанның үздік тауары-2022" облыстық және республикалық конкурстарға қатысқаны үшін, "Атамекен" өңірлік палатасымен кәсіби шеберлігі мен жемісті ынтымақтастығы үшін "Қазэнергокабель" АҚ,“Город мастеров" "Битнер” ЖК , "Царская каша" ЖШС, "Продмастер ПВ" ЖШС, "Экодом-Павлодар" ЖШС, "Тотал Сервис" ЖШС алғыс хаттармен марапатталды.
Кәсіпорын басшылары Наталья Поплавец, Марат Мақанов, Денис Семенов, Татьяна Шевченко, Анастасия Барт, Олег Тимошов, Гүлзира Қазылова, Вадим Байқадамов, Рафаил Бразинский, Қостантин Кюне және Думан Тоқашев палатамен жемісті ынтымақтастығы және бірлескен жұмысы үшін алғыс хаттар алды.

"Біз кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылыс, туризм, ТКШ, химия өнеркәсібі және басқа да салалар комитеттерін құрамыз. Бұл "Атамекен" ӨКП мен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл құралы болып табылады. Бұл комитеттерде мүшелер, төрағалар болады және біз комитеттердің жұмысы үшін өз ресурстарымызды, оның ішінде ҰКП орталық аппаратымен және Министрліктермен қамтамасыз ете аламыз", - деді С.Әубәкіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер