«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардағы «Атамекенде» шаруалардың балық шаруашылығын несиелендіру мүмкіндігінің жоқтығы мәселесі көтерілді

2022 жылғы 12 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6370 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ӨКП Агроөнеркәсіптік кешен комитеті жанындағы балық шаруашылығы секторын құру және балық шаруашылығын субсидиялау мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Кездесуге қатысушылар балық шаруашылығы секторын құру мәселесін, оның басшысының кандидатурасын және осы саланың мәселелерін талқылады.

«Бүгінде кәсіпкерлер балық шаруашылығын дамыту үшін айналым қаражатына несие ала алмай отыр. Жиында осы мәселе көтеріліп, қазір оны қолға алдық», – дейді Павлодар «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаев.

Шаруа қожалықтарына субсидия беру тетіктерін де талқыладық. Балық шаруашылығын дамыту мәселелері Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы тарапынан көтеріліп, жүйелі түрде шешілуде.

Кәсіпкерлер кез келген сұрақтар бойынша облыстық «Атамекен» палатасына 8 (7182) 660311 телефоны арқылы хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер