«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Екібастұздағы төтенше жағдайдан 30-дан аса кәсіпкердің мүлкі бүлінді

2022 жылғы 09 Желтоқсан
- Павлодар облысы
10141 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «жедел желі» арқылы Екібастұз қаласының ЖЭО және жергілікті жылу желілеріндегі апаттан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат жинауда.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Екібастұз қалалық филиалының директоры Медият Мұсанап қаланың жылу электр орталығында және жылу желілерінде болған апаттан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне барып отырады.

Мәселен, бес қабатты тұрғын үйде орналасқан «Мишка» дүкенінде жылу болмағандықтан жеміс-жидектері қатып қалып,  бүлінген.

«Эйр бум» дүкеніндегі батареялар жарылып қалған. Содан кейін жылу қосылған кезде радиаторлардың ойықтарынан қайнаған су құйылып,  тауарлар жарамсыз болып қалған (атап айтқанда, мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған үрлемелі шарлар).

«Мен «Халық базарына» барғанымда, суды ағызбау керек, жылу береді деп тапсырма берілгендіктен, бүкіл жылу жүйесі қатып қалды. Базарды уақытында жылумен қамтамасыз етпеді, су құбырларға қатып, кейін ол да жарамсыз болып қалды», - деді М. Мұсанап.

Бірнеше бокстары бар автотұрақ, екі қабатты ғимарат, көлік жуу орындары мен дөңгелектер дүкені қатып, ондағы жылу жүйесі де жарамсыз болып қалды. Екібастұздық тұсқағаздар дүкені,  бірқатар сауда үйлері зардап шекті.

Еске салайық, «Атамекен» палатасы бизнеске келтірілген зиянды өтеуге байланысты әрекеттер алгоритмін құрастырды. https://pavlodar.atameken.kz/ru/news/48332-operativnyj-shtab-po-likvidacii-avarii-v-ekibastuze-prodolzhaet-svoyu-rabotu

Екібастұздағы төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайға тап болған барлық кәсіпкерлерден Кәсіпкерлер палатасына хабарласуларын сұрайды https://pavlodar.atameken.kz/ru/news/48348-pavlodarskij-atameken-vystupit-mediatorom-mezhdu-predprinimatelyami -i- too-ekibastuzenergo Телефон нөмірлері:

- 8 7182 66 03 11 («Атамекен» ӨКП қабылдау бөлімі);

- 8 771 173 43 42 («Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Әубәкіров Серік Мақсұтұлы);

- 8 777 781 49 14 («Атамекен» ӨКП Екібастұз филиалының директоры Медият Мәдениетұлы Мұсанап).

Зиянды өтеу туралы талап-арыздарды қабылдау пунктері:

 

№4 мектеп, Абай көшесі, 84; тел.: 33-77-50, 8-777-474-31-31;

№21 мектеп, Петренко көшесі, 7; тел.: 76-01-91, 8-777-269-43-12;

МКК «Өнер», Әуезов көшесі, 147А; тел.: 33-34-64, 33-40-10;

музыка мектебі, Әуезов көшесі, 55/1; тел. 74-06-24, 8-777-624-50-56;

№36 мектеп, Сәтпаев көшесі, 23; тел.: 40-00-36, 8-777-277-70-68;

№23 мектеп, Сәтпаев көшесі, 24; тел.: 37-07-50,  8-777-658-99-99.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер