«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпорындар президенттің «Алтын сапа» сыйлығының жүлделерін алды

2022 жылғы 07 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6888 просмотров

Астанада президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» ЖШС «Үздік индустриялық жоба» арнайы жүлдесін алды. «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы сапа саласындағы ТМД сыйлығының лауреаты атанды.

 

Елордаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер марапаттарын алды. Лауреаттарға құрметті мүсіндерді Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Ол ел кәсіпкерлеріне табысты жұмысы үшін алғысын білдіріп, «кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті» деп атап өтті.

«Екібастұз қаласында «Павлодар Проммашкомплект» ЖШС темір жол саласына арналған дөңгелектерді, доңғалақтың орталықтарын, бандаждар мен бачқа да қосалқы бөлшектер дайындамаларын жобалаумен, өндірумен айналысады», - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасынң жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Светлана Золотарева.

KSP Steel – бұл толық өндірістік циклі бар (шикізаттан дайын өнімге дейін) мұнай-газ саласы үшін шығарылатын жіксіз болат құбырларының Қазақстандағы алғашқы өндірушісі.

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын беріледі. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Мұндай сыйлықты берудің негізгі критерийлері ол- өнім немесе қызмет сапасы саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйым арқылы сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізу болып табылады. 2022 жылы конкурсқа қатысуға 281 компания өтінім берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер