«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкерлерге салықтық есептерді тапсыруда мұқият болуға кеңес беріледі

2022 жылғы 06 Желтоқсан
- Павлодар облысы
4808 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында салық мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті. Оған бизнес өкілдерінен бөлек, Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығы, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттері, облыстық прокуратура мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қатысты.

Талқылау барысында салық төлеушілердің есеп тапсыру кезінде туындайтын мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының өкілі Жанар Өмірзақова «Тәуекелдерді басқару жүйесі» бағдарламасы туралы айтып берді, оның пікірінше, бұл барлық кәсіпкерлік субъектілеріне пайдалы болады.

«Бизнесмендердің проблемалары бірдей, сондықтан бүгінгі семинар пайдалы деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген бизнес өкілдері, менеджерлер, тіпті бухгалтерлер «Тәуекелдерді басқару жүйесі» туралы аса біле қоймайды. Оны білу өте пайдалы. Егер салық органдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі бақылау әдісі болса, бизнес өкілдері үшін бұл жүйенің барлық ережелері сақталса, онда ол салық органдарына «көрінбейтін» жол деп ойлаймын», - деді ол.

Жеке компаниялардың басшылары салық төлеу мәселесінде әдетте есепшілерге сүйенеді, деп еске алды сарапшы. Бірақ бизнес компанияның басшысына тиесілі және ол проблемаларды, айыппұлдар үшін жауапкершілікті және т.б. болдырмау үшін әрқашан өз компаниясының істерін және салық органдарының талаптарын білуі керек.

«Басшы кем дегенде айына екі рет салық төлеушінің кеңсесінде хабарламалардың бар-жоғын тексеру қажет. Қазақстанда шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғандықтан, көбісі, айталық, босаңсып қалды, бірақ хабарландырулар, хабарламалар әлі де келетінін ұмытпауымыз керек, біз оларды дер кезінде анықтап, оларға жауап беруіміз керек және де жеке кабинетіміздің жағдайын тексеріп отыруды ұмытпайық», - деп кеңес берді Ж.Өмірзақова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер