«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» және кәсіпкерлер жетім балаларға арналған қайырымдылық жобасын бастады

2022 жылғы 23 Қараша
- Павлодар облысы
5431 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылымен бірлесіп павлодарлық кәсіпкерлер шағын білім беру науқанын бастады.

«Бизнес өкілдерінің идеясына сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға болашақта негізгі, қосымша табыстарын табуға көмектесетін жаңа дағдыларға үйрету, сонымен қоса, ой-өрісін кеңейтіп, өздеріне деген сенімділігін арттыру болып табылады», - дейді Павлодарлық «Атамекеннің» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының басшысы Айнұр Құсайынова.

Палатаның Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьянованың айтуынша, кәсіпкер Диана Ибрагим балалар ауылындағы қыздарға кірпік пен қасты қалай әдемілеп өзгертудің сырын, сол арқылы қалай табыс табу, ал Динара Жанбаева тігіншілікті, сөмкелер тігуді, үйретуді ұсынған, Айман Самиева болса, балалардың психологиялық денсаулығына жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Бұл жоба туралы айту үшін балалар ауылына кәсіпкерлердің өздері, «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Мүбәрәк Жақыпов, Палата мен Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері келді.

Олар мұнда үнемі келіп тұруға ниет білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер