«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық ұн тартушыларға теміржол вагондарының жетіспеушілігі мәселесі өңірлік «Атамекенде» талқыланды

2022 жылғы 02 Қараша
- Павлодар облысы
7054 просмотров

Павлодар облысының қайта өңдеушілер қауымдастығы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ұн және басқа да өнімдерді жеткізу бойынша теміржол вагондарының жоқтығы халықаралық келісімдерді орындауға кедергі келтіретінін хабарлады.

Мәселенің мән-жайын білген Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы осындай қиын жағдайға тап болған шаруаларды өз алаңында жинап, арнайы жиын өткізді.

Жиынға «Атамекен» ӨКП-ның өкілдері мен ұн тартушылардан бөлек, көлік прокуратурасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және теміржол вагондарының иесі «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері қатысты.

Жиында «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік өңдеушілер қауымдастығына трейдерлер арқылы емес, тікелей «Қазтеміртранс» АҚ-ның өзімен бірлесіп, тауарды осы компанияның вагондарымен қамтамасыз ету туралы келісім жасасуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер