«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардағы «Атамекенде» бизнес өкілдерінің қонақ дәрісі 50-ден астам оқушыны жинады

2022 жылғы 19 Қазан
- Павлодар облысы
4880 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Павлодар қаласының үш мектебінің оқушылары ​ «Кәсіпкерлік негіздері» жобасы аясында өткен дәрісте кәсіпорын басшыларын тыңдады. ​ Олар өздерінің құрылу тарихы, табысқа жету, мақсатқа ұмтылудағы еңбектің маңыздылығы туралы оқушыларға айтып берді.

Балалар өз ісін қалай таңдау керектігін, мамандықты дұрыс таңдау неге маңызды екенін білді.

22, 39, 42 мектептерінің жоғары сынып оқушыларының алдында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов, "ПРОДМАСТЕР ПВ" ​ ЖШС басшысы Құсни Самаева, «SOLID GROUP» ЖШС өкілі, «Атамекен» ӨКП өңірлік кеңесінің мүшесі Асқар Ахметов, «Кутуби Сити Игрушки» ЖШС басшысы Жанара Әубәкірова, сондай-ақ Торайғыров университетінің стартап академиясында бизнес-ассистенттері Әлихан Арынтай мен Константин Федоренко ​ сөз сөйледі.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ​ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Әділхан Төлеубай кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары туралы айтып берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер