«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар: Еліміздегі жалпыұлттық референдумға дейін санаулы күндер қалды.

2022 жылғы 27 Мамыр
- Павлодар облысы
14223 просмотров

Ол 5 маусым күні өтеді.

Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшелері “Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС-де болды.
Бұл зауыт Павлодар облысы бюджетінің едәуір бөлігін толықтыратын аймақтың ірі кәсіпорындарының бірі.
Штаб өкілдері ПМХЗ ұжымының алдында сөз сөйлеген кезде, алдағы саяси және әлеуметтік оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтар референдумға қатысты сұрақтар қойды.
Кәсіпорын қызметкерлерін еліміздің негізгі заңының редакциясына ұсынылған өзгерістерге, дауыс беру тетіктеріне қатысты сұрақтар қызықтырды.
Кәсіпорын қызметкерлері алдында Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Серик Сәдуақасов, саяси ғылымдар кандидаты Серік Ілиясов, Нұргүл Қайырденова, Сергей Гуляев, Раушан Даумова және Тимур Жантеміров сөз сөйлеп, қазіргі дауыс берудің ерекшеліктері туралы, Конституцияда нені өзгерту ұсынылатыны, неліктен әр түзету үшін жеке-жеке емес, барлық түзетулер үшін бірден (немесе оларға қарсы) дауыс беру керек екендігі туралы айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер