«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында 549 бизнес субъекті Ashyq жобасына қатысып жатыр

2021 жылғы 08 Шілде
- Павлодар облысы
6177 просмотров

 Қазіргі кезде Ashyq жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерден 602 өтінім келіп түсті.

Соның ішінде 549 нысан QR-код алып, жұмыс істеп жатыр, тағы 53 өтінім қаралу үстінде.

 Мұндай ақпаратты Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов хабарлады.

 «4 шілдеден бастап Павлодар облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа енді. Өңірде бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес шектеу шаралары күшейтілді. Жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енді. Осыған байланысты Ashyq жобасына қосылам деуші нысандар саны күрт артты», – деді Серік Сәдуақасов.

 Цифрлық даму министрлігінің 7 шілдедегі мәліметтеріне сәйкес Павлодар облысы бойынша Ashyq жобасына қатысып жатқан 46 нысанға «сары немесе қызыл» статуспен 100 адам келген.

 Соның ішінде «қызыл» статусы бар – 68 адам, «сары» статуспен – 32 адам тіркелген. Олардың 60-ы Павлодар облысының тұрғындары болса, 40 адам басқа облыс азаматтары.

 Айта кету керек, тәртіпті бұзған қатысушылар Ashyq жобасына шығарылуы мүмкін.

Мәселен, Цифрлық даму министрлігінің бақылау нәтижелеріне сәйкес келушілерді тіркемеген (чекин саны – 0) 14 нысан 2 шілдеден бастап жобадан екі аптаға шығарылды.

 Еске салсақ, Ashyq жобасына қатысуға өтінімдер infokazakhstan.kz сайтына жіберіледі.

Ashyq жобасына қатысты сұрақтар болса, Палодар облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады, тел:  8/7182/66-03-11 ішкі: 5502, 5510.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер