«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысынан «Алтын сапа» байқауына 9 кәсіпорын қатысады

2021 жылғы 07 Шілде
- Павлодар облысы
6035 просмотров

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына Павлодар облысының кәсіпкерлерінен алдыңғы жылдармен салыстырғанда ең көп өтініш түскен.

Бұл туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.   Дәстүр бойынша павлодарлық үздік кәсіпорындар ең беделді «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауында өздерінің сапа саласындағы жоғары жетістіктерін растайды. Биыл үміткерлерден 9 өтініш түсті», – деді Серік Сәдуақасов.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш аталымда үш санатта тағайындалады:

-«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

-«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

-«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын»;

-«Ауылшаруашылық және/немесе азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын».

Әр аталым бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

-Шағын кәсіпкерлік субъектісі;

-Орта кәсіпкерлік субъектісі;

-Ірі кәсіпкерлік субъектісі;

-Үздік индустриялық жоба;

-Үздік инновациялық жоба.

«Evooil Kazakhstan» ЖШС тазартылған өнім шығарумен айналысады. «Қазақстанның үздік тауары-2018» байқауының жеңімпазы.

«Айсберг ПВ» ЖШС – тамақ және жартылай фабрикаттар өндірісі саласында жетекші. «Іскер-2019» арнайы сыйлығының иегері.

«Нефтехим ЛТД» ЖШС – метил терт-бутил эфирін, полипропилен, полипропилен пакеттері және икемді контейнерлер өндіреді. 2013 жылы «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» аталымы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша ең жоғары марапат алды.

«Экопром» ЖШС – металл конструкцияларын өндіру, 2014-2015 жылдардағы «Алтын сапа» байқауының белсенді қатысушысы.

ЖШС «Инком компаниясы» – техникалық сынақтар мен талдаулар жүргізетін мекемелердің қызметі.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ – құйма түрінде бастапқы легирленбеген алюминий өндірісі. 2016 жылы «Алтын сапа» және 2010 жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының лауреаты.

«Best Milk» ЖШС - сүт пен сүт өнімдерін қайта өңдеу, «Қазақстанның үздік тауары-2017» байқауының жеңімпазы.

«Фалеев Р.В.» жеке кәсіпкерлігі – автомобильдерді жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысады.

 «A.R.S.» ЖШС  – мұнай өнімдерін көтерме саудада сату.

Сыйлық лауреаттарына диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшалай сыйлық беріледі. Сонымен қатар, лауреаттар төрт жыл ішінде «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнама мақсатында пайдалану құқығын алады. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Әмір Байысов 1-13 тамыз аралығында ұсынылған өтінімдерді облыстық деңгейдегі Сарапшылар тобы бағалайтынын айтты.

«Алдын ала бағалаудан кейін республикалық сараптама комиссиясы байқаудың финалистерін кәсіпорындарға барып бағалайды. Сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын сапа» сыйлығының өтуі жылдың басты оқиғасы болып табылады. Дәстүр бойынша сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті табыстайды, бұл осы байқаудың ел үшін маңызды екенін көрсетеді», – деді Әмір Байысов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер