«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда тағы 6 бизнес-нысан «Ashyq» жобасына қосылды

2021 жылғы 19 Сәуір
- Павлодар облысы
4822 просмотров

«Ashyq» қосымшасын қолданғысы келетін кәсіпкерлер қатары артты. Енді Павлодарда осындай 7 нысан бар. Өткен аптада өңірлік бизнес ішінде «Batyr mall» сауда және ойын-сауық орталығы алғашқылардың қатарында QR-код алып, 15 сәуірден бастап жұмыс істей бастады.

 Айта кету керек, «Batyr mall» сауда және ойын-сауық орталығы бір жыл бойы жұмыс істемей тұрды, сондықтан «Ashyq» қосымшасы үлкен мәселені шешті.

 Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес, «Ashyq» пилотына қатысатын боулинг клубтары ғана жұмыс істей алады.

Жобаға қатысушылар арасында 2 фитнес-клуб, SPA орталығы, сауна, бассейн, компьютерлік клуб бар.  Облыстың санитарлық дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысында Ashyq жобасына қатысатын компьютерлік клубтардың қызметіне ғана рұқсат етілген.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Cерік Сәдуақасов 26 сәуірден бастап «Ashyq» жобасы бүкіл өңірлерге таратылатынын атап өтті.

 «Жобаға жаңа қызмет түрлерін кезең-кезеңмен енгізу жүріп жатыр. 14 сәуірден бастап «Ashyq» жобасына кинотеатрлар және қоғамдық тамақтану нысандары (банкет залдары, асхана, фаст-фуд және стрит-фуд есептелмейді), театрлар, филармониялар қатысады. Бұдан бөлек, 21 сәуірден бастап жобаға облысаралық және қалалық тұрақты емес жолаушылар тасымалы, бильярд және концерт залдары қосылады. 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына караоке мен банкет залдары қатысады», – деді Серік Сәдуақасов.

 Кәсіпкер qr-код алу үшін infokazakhstan.kz сайтына өтініш жіберу керек. Қызмет түрінің Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкестігі тексерілген соң жеке кабинетке код келеді, осы код қосымшаны қолдануды үйрену және бір апта бойы сынақ режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 «Қоғамдық тамақтану нысандары мен кинотеатрлар өтінішті алдын ала салалық қауымдастыққа жіберіп, кейін infokazakhstan.kz сайтында qr-кодты ала алады.  «Ashyq» жобасына қатысты қосымша ақпаратты Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасынан алуға болады, тел: 8/7182/66-03-11 ішкі.5502, 5510», – деді Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер