«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі құс шаруашылығын қолға алды

2021 жылғы 16 Сәуір
- Павлодар облысы
6001 просмотров

Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны Тимур Шакиев бала күннен бері жеке кәсіппен айналысуды армандаған. 2019 жылы досынан «Бастау» жобасы туралы естіп, жобаға бірден қатысамын деп шешті.

«Маған құс шаруашылығы бұрыннан ұнайтын. Бұл табысты бизнес деп санаймын. Мәселен, мал шаруашылығында малдың төлін алу үшін бірнеше жыл оны асырау керек. Ал құс шаруашылығында бір айдан соң жұмыртқадан балапан шығады, ал үш айдан кейін балапан үлкен құс болады», – деді кәсіпкер.  

 «Бастау» курсын аяқтаған соң Тимур Шакиев бизнес-жоспар дайындап, оны комиссия алдында сәтті қорғап шықты да грант алды. Осы қаражатқа инкубатор, құс шаруашылығына қажетті барлық жабдықты сатып алды.

Өткен жылдың күзінде бастауыш кәсіпкер қаздың балапандарын шығарды.  

«Қазіргі кезде қожалықта 35 бас қаз бар. Наурыз айының соңында инкубаторға жұмыртақалардың алғашқы партиясы салынды. Бірнеше аптадан соң балапандар шығады. Әр он күн сайын мен инкубаторға жұмыртқа салып отырамын. Сондықтан менде әр он күн сайын балапан шығарылады. Қазір 2 инкубатор жұмыс істеп жатыр. Үшінші инкубаторға жұмыртқа жиналуда. Балапандарға тапсырыс жинап жатырмын деп көршілерім арқылы жарнама беріп қойдым. Дәл қазір менде 100 балапанға тапсырыс бар», – деді Тимур Шакиев.

 «Бастау» түлегі баламандарды жаздың басына дейін сатуды көздеп отыр, осылайша қыста кеткен шығын өтелмек, ары қарай маусым-шілде айындағы балапандар шаруашылықта қалады да күзге дейін өсіріледі, күн суытқанда сатылымға шығарылады.

 «Келешекте қызметті кеңейтіп, қазға тауық, үйрек, үндіүйрек түрлерін қоспақпын. Әри бизнеске өз мүмкіндіктері бар. Мысалға, маған қаз жаюға жер керек. Бұдан бөлек, инкубацияны ертерек бастау үшін жылы орынжай да қажет. Алда жоспар көп. Мемлекеттік қолдау мен ӨКП Май аудандық филиалының көмегімен кәсіпті дөңгелетіп отырмыз», – дейді Тимур Шакиев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер