«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 12 Сәуір
- Павлодар облысы
8668 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП шешімімен Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына Сәдуақасов Серік Телманұлы директор болып тағайындалды

Серік Телманұлы Сәдуақасов 1974 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өленті ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтады. Қызмет жолын 1991 жылы «Өленті» совхозында жұмысшы болып бастаған.  «Рахат» ЖШС директорының орынбасары, «Рахат» ЖШС кедендік уақытша сақтау қоймасының директоры, «Қазақстан Темір жолы» РМК өндірістік бөлімі, «Казтранссервис» АҚ «Северный» филиалының бастығы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бері «АНАРА» фермерлік қожалыққа жетекшілік етеді.  Соңғы жұмыс орны – «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС директоры. Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (Екібастұз қаласының 60-жылдығы құрметіне төс белгі), «Қазақстан маслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер