«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында 1000 бас ірі қараға бордақылау алаңы ашылды

2021 жылғы 12 Наурыз
- Павлодар облысы
7847 просмотров

Инвестциялық жобаны іске асырушы – «Agro Export Pavlodar» ЖШС – етті бағыттағы импортталған сауын ірі қараны әкелу бойынша операторы

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі 2020 жылы ашылды. Қызметтің негізгі бағыты – ірі қара малын өсіру.

«Фирманың дамуға бағытталған үлкен жоспары бар. 2020 жылы ғана инвестициялардың жалпы көлемі 850 млн теңгеден асты. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясынан 1000 бас ірі қара әкелінді. 2700 бас ірі қараға мал баздары, соның ішінде 1000-ы сауын малға және 1000 басқа бордақылау алаңы салынды», – деді Павлодар облысы ӨКП Май аудандық филиалының директоры Оралбек Сыздықов.

 Май ауданы мал шаруашылығын жүргізуге жайлы өңір екенін атап өткен жөн. Ауданда 178 шаруа қожалығы жұмыс істейді, соның ішінде 9-ы ғана өсімдік шаруашылығын жүргізеді. Қалған қожалықтар ірі қара, ұсақ мал, жылқы шаруашылығымен айналысады.

«Agro Export Pavlodar» басқарушы директор Тастанбек Темірбеков  фирма ірі қара малды өсіру бойынша жобаны іске асырып жатқанын айтты. Ол үшін қожалықтың 30 000 га жайылым жері бар.

«Жас малды өсіріп, ары қарай етті тұрғындар мен көтерме сату ұйымдарына өткіземіз, сонымен қатар асыл тұқымды сауын малын сату жолға қойылған. Бұдан бөлек, тауарлы мал басын көбейтуге қолданылатын етті бағытта 500 бас асыл тұқымды бұқаны өткізбекпіз.  2021 жылы малшыларға 4 екіпәтерлі үй, 5 мал базын және 1 астық қоймасын салу көзделген», – деді Тастанбек Темірбеков.

Оралбек Сыздықов мемлекеттік қолдау фермерлерге жақсы демеу екенін айтты.

 «Шетелден сәйкес сертификаттаумен Герерфорд бағытында асыл тұқымды мал әкелінеді. «Agro Export Pavlodar» шетеден әкелінген малға қора-жай салуды аяқтады. Мұның бәрі мемлекеттік қолдау арқылы іске асты. Жобаға Павлодар облысы ӨКП Май аудандық филиалы толық сүйемелдеу көрсетіп жатыр», – деді Оралбек Сыздықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер