«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік палата заңгерлері шаруаларға берілген субсидиялардың заңдылығын дәлелдеді

2021 жылғы 09 Наурыз
- Павлодар облысы
3572 просмотров

Орын алған ситуацияға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының араласуынан кейін шаруалар 4 млн теңгеден астам соманы сақтай алды

Успен аудандық прокуратурасының тексеруі нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік орган «Қоңырөзек» ауыл шаруашылық-өндірістік кооперативі және «Егімбай» фермерлік қожалығына төленіп қойған бюджет қаражатын қайтару туралы сотқа алап арыз берген.

 «Қоңырозек» ӘКК жағдайында сүт тасу көлігін сатып алуға келісімшарт 2017 жылғы 25 қазанда жасалған, іс жүзінде автомобиль пайдалануға 2018 жылғы 14 ақпанда ғана берілген», – деді ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Мүбәрак Жақыпов.

 Успен аудандық қадағалау органы келісімшартты жасау күнінен бастап субсидиялауға өтініш беру мерзімін есептеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы орган анықталған бұзушылықты растады.  Алайда, бұл позициямен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгерлері келіспеді.

 «Субсидиялау ережесіне, дәлірек айтсақ, 12 және 14-тармаққа сәйкес субсидиялауға өтінім берілгенге дейін екі жылдан артық емес мерзімде сатып алынған, шығарылған күні 3 жылдан артық емес техникаға субсидия беріледі.   Осы ретте сүт тасу жүк көлігін сатып алуға шығындар фактісі келісімшартпен емес, электронды шот-фактур және «автомобиль» деректер базасындағы ақпаратпен расталып отыр», – деді Мүбәрак Жақыпов.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары  сот отырысы барысында сүт тасу жүк көлігін сатып алуға бюджеттік қаражаттың бөлінгені заңды екенін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде шаруа 1 675 000 теңге мөлшерінде бөлінген субсидияны сақтап қала алды.

«Егімбай» фермерлік қожалығы жағдайында қадағалаушы орган фермерде күн панельдерінің болмауын көріп, осы бұзушылықты ауыл шаруашылығы жөніндегі өкілетті органда тіркеп қойды.

 «Сот отырысы барысында аталған күн панельдері қысқы уақытқа алынып тасталғанын дәлелдедік. Бұдан бөлек, сот отырысы барысында фермерлік қожалықта күн панельдерінің барын растаған комиссия мүшелеріне сауалдар қойылған», – деді Мүбәрак Жақыпов.

 Сот комиссия мүшелерінің қолы қойылған байқау актісі барын есепке алды. Ал «Қолдау» бағдарламасы өтініш берген уақытта қожалықтың заңды мекенжайын ғана белгілейтіні дәлелденді.

Бұл ретте күн пандельдерінің шаруа қожалығының қай жер телімінде орналасқанын белгілеу мүмкін емес. Сондықтан осы жайт талап арыз беруге негіз болған.

Бұл жағдайда ӨКП сарапшылары фермерге осыған дейін берілген 2 400 000 теңге субсидияны қорғап қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер