«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокуратура көмегімен «Бастау» түлектеріне грант бөлу үдерісі тездетілді

2021 жылғы 01 Ақпан
- Павлодар облысы
4180 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен Ақсу қаласының қадағалау органы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2019-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылуына талдау жүргізді. Талдау бағдарламаға қатысқан 363 түлек мемлекеттік грант иеленгенін көрсетті

Алайда комиссиялардың оң қорытындыларына қарамастан, бағдарлама үйлестірушісі – жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті орган жобаларды қаржыландыруға асықпады.

 «Бизнесті қолдау және қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. 2020 жыл кәсіпкерлер үшін оңай болмады. Өткен жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы – жаппай кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді Үкімет пен мемлекеттік құрылымдар жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде анықтады», – дейді Павлодар облысы ӨКП директоры Олег Крук.

Бизнес жүргізуде кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасынынң өнімдері жақсы демеу. Оның мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Сонымен бірге кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үлкен маңызға ие.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Сейфолла Қасымқанов қадағалау органы мен аймақтық палатаның өзара іс-қимылы кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге оң әсер ететіндігін атап өтті.

 «Өткен жылы Ақсу қаласының прокуратурасы «Еңбек» бағдарламасының 2019-2020 жылдары іске асырылуына талдау жүргізді. Бағдарлама аясында 363 адам грант иеленді. Алайда қаражат алу өтінімдері ұзақ қаралады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан әуре-сарсаң «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың 165 бизнес-жобасы қаржыландырусыз қалуына әкелді. Тиісінше, оларды орындау мерзімі кешіктірілді», – деді Сейфолла Қасымқанов.

Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, Ақсу қаласының қадағалау органы қала әкімінің мекен-жайына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қазіргі уақытта 135 кәсіпкерге 75 млн теңгеден астам сомаға кәсіпкерлікті дамытуға ақшалай субсидиялар төленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер