«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қоғамдық тамақтану саласында шығын көп

2021 жылғы 25 Қаңтар
- Павлодар облысы
3786 просмотров

«Атамекен» өңірлік палатасының алаңында кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдерімен салалық проблемаларды талқылады

Осы салада көптеген мәселелер бар. Маңызды шығындарға әкеп соқтыратын ең өзекті мәселе –  мониторингтік топтардың тексеруі мен шектеу шаралары болып отыр.

Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нурпейісованың айтуынша, бүгінде еліміздің барлық өңіріндеқоғамдық тамақтану саласында тұрған басты мәселе – жұмыс уақытын шектеу.

«Егер тамақтану орны 22.00-ге дейін жұмыс істесе, кірістің төмендеуі 30-40% құрайды деген статистикалық мәліметтер бар. Қазақстан Республикасының көптеген өңірінде қоғамдық тамақтанудың әрбір екінші нысаны жабық тұр. Қалғандары жақын арада жабылуы мүмкін. Павлодардан біз қоғамдық тамақтану секторының «ауырсынуын» анықтау, нысандарды біріктіру, нарықта жұмыс істеп қалғандарға көмектесу үшін жүйелі шешімдер әзірлеу мақсатында аймақты аралауды бастадық», – деп бастады Вероника Нұрпейісова кездесуді.

Жиналысқа қатысушылар бір кісідей ортақ проблема – бақылау топтарының тексерулерін  көтерді.

Вероника Нурпейісова атап өткендей, енді тексеру кезінде мониторингтік топтар келесі заң бұзушылықтар үшін 5 пунктті ғана тексере алады:

- жұмыс режимінің талаптарына сәйкес келмеуі; 

- отбасылық, мерейтойлық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да көпшіліктің қатысуымен болатын іс-шараларды шектеуге қойылатын талаптардың сақталмауы;

- әлеуметтік арақашықтықты сақтамау;

- маска режимін сақтамау;

- келушілер санының шектен асуы

Өз кезегінде кәсіпкерлік және сауда бөлімінің бастығы Айбек Тұрсынғалиев жұмыс уақытының шектелуіне шағымданатын қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлермен ынтымақтастықта екенін атап өтті. Осыған байланысты кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, шешімдерді жан-жақты талдау және әзірлеу қажет.

Сонымен қатар, Айбек Тұрсынғалиев Павлодар облысының бизнесін қолдау мен дамытудың жаңа «Business Ertis» бағдарламасы туралы айтты.

«Екі апта бұрын біз «Business Ertis» өңірлік әртараптандырылған бағдарламасын ұсындық. Бұл өңірдің іскерлік ахуалын егжей-тегжейлі талдауға негізделген. Кәсіпкерлер көбіне бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары туралы біле бермейді. Енді біз мемлекеттік қолдау шараларының жиынтығын ілгерілететін боламыз», – деді Айбек Тұрсынғалиев.

Мемлекеттік қолдау шаралары тақырыбын жалғастыра отырып, Вероника Нурпейісова келесідей жеңілдіктерге: КТС-тен босату, ҚҚС-қа жүгінгендерге арналған 3 пайыздық бағдарламаға тоқталды.

«Бұл бағдарлама 2023 жылға дейін жұмыс істейді. Бағдарлама тамақтану саласын қолдау үшін арнайы жасалған. Бұл ретте ҚҚС қалады, бірақ салық төленбейді», – деді Вероника Нурпейісова.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук мониторинг топтарының іс-әрекеттеріне қатысты кәсіпкерлердің шағымдарын жеке бақылауына алды.

Қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдері аймақтардағы кездесулерді жалғастырып, қоғамдық тамақтану бизнесінің иелерін біріктіру, экономикалық және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс алгоритмін әзірлеуді көздейді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер