«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МӘМС: жұмыскерлердің ЖСН деректерін енгізу қажет

22 Қаңтар 2021 - Нұр-Сұлтан қаласы
2573 просмотров

МӘМС жарналарын төлеуден босатылған шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін msb.fms.kz  сілтемесі бойынша «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне өз қызметкерлерінің ЖСН деректерін енгізуі керек.

 Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры еске салады.

 Деректер уақытында енгізілмеген жағдайда қызметкерлер 2020 жылға қарыз өтелмегендіктен МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ала алмайды!

Соңғы мәлімет бойынша ШОБ субъектілерінің 35%-ы – бұл 378 мың кәсіпкер ішінен 132 мың кәсіпкер – ақпараттық жүйеде өз деректерін енгізбеген.

 Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкілдері әр айдың 25 жұлдызына дейін енгізуі қажет.

 Еске салайық,  2020 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта бизнес қызметкерлері үшін жарна төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды.

Пандемия кезеңінде  «нөлдік ставка» төлейтін ШОБ субъектілерінің тізімі: сауда, көлік әжне техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамсыздандыру, фитнес және т.б.

 

 


Серіктестер