«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Май ауданында 1000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын ашу жоспарлануда

2021 жылғы 22 Қаңтар
- Павлодар облысы
5637 просмотров

«АгроЭкспортПавлодар» ЖШС – бұл ет өндірісі қолға алу үшін ірі қара малдың импортталған аналық басын жеткізуші операторы. Ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорны 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Негізгі бағыты – мал шаруашылығы

«Компанияның болашаққа үлкен жоспарлары бар. 2020 жылдың өзінде өндіріске құйылған жалпы инвестиция шамамен 850 млн теңгені құрады. Сыбаға бағдарламасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясынан 389 бас ірі қара әкелінді. Биыл фермер мыңнан астам ірі қара әкелуді жоспарлап отыр», – дейді Май ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Оралбек Сыздықов.

 Май ауданында мал шаруашылығы кең етек жайған. Ертістің жағалауы мал өсіру, жаю, суару, шөп жинауға қолайлы. Ауданда  178 шаруа қожалығы жұмыс істейді, соның ішінде 9-ы өсімдік шаруашылығымен айналысады. «Agro ExportPavlodar» басшысы Қанатбек Үзембаев 2021 жылы ірі қара малды өсіру бойынша жобаны іске асырмақ.

 «Негізгі бағыт жас мал өсіру болмақ, кейіннен халыққа және көтерме сауда  ұйымдарына ет сату, сондай-ақ асыл тұқымды мал, соның іішінде ұрғашы малды сату жоспарланған. Сонымен қатар, біз асыл тұқымды 500 бас бұқа-өндірушіні беруді көздеп отырмыз. 2021 жылы біз мал өсірушілерге арналған 2 бөлмелі 4 жеке үй, сонымен қатар тағы 5 мал базасын, 1 астық қоймасын саламыз», – деді Қанатбек Үзембаев жоспарларымен бөлісті.

 Айта кетейік, «AgroExportPavlodar» өз жобаларын іске асыруға 5000 га жайылымдық жер, заманауи мал шаруашылығы базасымен қамтылған. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға жақсы демеу. 2020 жылы «AgroExportPavlodar» шаруа қожалығы етті бағытта 940 бас ірі қара, 2 МТЗ тракторды жабдығымен сатып алды.

 «Шетелден Герерфорд тұқымды ірі қара алынып, ары қарай жергілікті шаруа қожалықтары мен фермерлерге сатылады. Қазіргі таңда 960 басқа кешенді алаң салынған. Шетелден сатып алынған мал басын карантинде ұстайтын алаң құрылысы аяқталды. Сонымен қатар қожалық 1500 тонна жемшөп сатып алды. Енді 1000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын ашу жоспарлануда. Жоба Май ауданы кәсіпкерлер палатасының толық қолдауымен жүзеге асырылып жатыр», –деп атап өтті Оралбек Сыздықов.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер