«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығын иеленді

2020 жылғы 11 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8461 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапттау салтанаты өтті

«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жобасы» арнайы сыйлығын «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы иеленді.

 Толық өндірістік циклі бар (шикізаттан дайын өнімге дейін) мұнай-газ саласы үшін шығарылатын жіксіз болат құбырларының Қазақстандағы алғашқы өндірушісі «KSP Steel» ЖШС 2007 жылы мұнай өндіруші, геологиялық-барлау және машина жасау компанияларын отандық өндірістің сапалы құбыр өнімдерумен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Кәсіпорынның негізгі профилі – мұнай сегментіндегі жіксіз құбырларды өндіру.

Комапнияда  шикізаттан бастап қапталған дайын өнімге дейін толық өндірістік циклі бар, болат ізірлемені жаймалау арқылы дайын құбыр өнімі шығарылады.

Бүгінгі күні KSP Steel өндіріс жабдықтарын автоматтандыру және жабдықтау бойынша әлемде екінші орында тұр. Компанияның бас директоры Асхат Өксікбаев зауыт өнііне сапа мен сенімділігіне баса назар аударалатынын айтты.

Құбыр илектеу өндірісінің өнімі Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және шетелдік органдардың уәкілетті органдарымен сертификатталған. Кәсіпорын ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарттарының, Америка мұнай институтының API Q1 талаптарына сәйкес келетін кәсіпорынды басқару жүйесі әзірленіп, сәтті қолдануда.

  «Құбыр шығару өндірісінің басты артықшылығы – шығарылатын өнім сапаны бұзбайтын бақылау жүйелері. Құбырларда ақауларды анықтау үшін бүкіл өнім өнімді бұзбайтын бақылау бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірінің жабдықтарында электромагниттік және ультрадыбыстық әдістіремн жүргізіледі. Құбырдың жыртылып кетуге мықтылығын тексеру үшін гидростатикалық сынақтар жүргізіледі. Қазіргі кезде құбырлардың сапасын бұзбайтын сынауға арналған жабдықты модернизациялау бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде құбыр қабырғаларының қалыңдығын өлшеу жүйесін анағұрлым заманауи және сенімді жүйеге ауыстыру жүргізілуде бұл жүйе KSP Steel компаниясының қажеттілігіне арнайы әзірленді әрі әлемде теңдесі жоқ жүйе саналады», деп атап өтті Асхат Өксікбаев.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығын алу байқауы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»,  «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»,  «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»,  «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» төрт аталым бойынша өтеді.

Жарғыға сәйкес байқаудың  «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы қарастырылған. Әр аталым шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі. Аталған байқау 2006 жылдан бері өткізіледі. Оған республикадан 2 200 астам кәсіпорын қатысты.

«Алтын сапа» сыйлыңында Павлодар облысынан әр жылдары жеңіске жеткен компаниялар:

-2007 жылы «Халыққа арналған үздік тауар шығарушы кәсіпорын» аталымында – «РОСА» АҚ компаниясы танылды:

-2013 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымында – «Нефтехим LTD» ЖСШ болды;

-2015 жылы «Үздік индустриялық жоба» арнайы сыйлығын «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС алды.

-2016 жылы «Сапа үздігі» аталымында – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ үздік болды;

-2017 жылы «Үздік индустриялық жоба» аталымында «Gissenhaus» ЖШС үздік атанды.

   
 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер