«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәлімдемесі

23 Қыркүйек 2020
1098 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жамбылдық кәсіпкерлер тобының Президент Әкімшілігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдаған үндеуіне қатысты БАҚ өкілдерінен сұратымдар түсуде

 Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы аталған кәсіпорындар жетекшілеріне хабарласты. Кәсіпорындар жетекшілері бұл үндеуге қол қоймағандарын, аталған хат туралы әлеуметтік желілерде жарияланған соң естігендері туралы айтты.

 Ағымдағы аптаның соңына дейін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында аталған хатта жазылған кәсіпорындар, БАҚ өкілдері, сонымен қатар өкілетті мемлекеттік органдар, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді. Жиын өткен соң брифинг ұйымдастырылады.

 Кәсіпорындарға хабарласу нәтижесі, хаттың мазмұны мен стилистикасы оның жалған екеніне негіз береді.


Серіктестер