«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлықтар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шақырылады

2020 жылғы 04 Маусым
- Павлодар облысы
7897 просмотров

«Инвесторлар үйіндегі» «Атамекен» аймақтық палатасында менеджер-кеңесшілер мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіреді, бизнес-жоспар жазуға, салықтық және статистикалық есептерді тапсыруға, заңгерлік қызмет көрсетіп, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға көмектеседі. Барлық қызметтер тегін.
Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Анель Жампейісованың айтуынша, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қызметтерді https://services.atameken.kz/ порталы арқылы онлайн, сонымен қатар Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16-шы үйде орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бару арқылы да алуға болады. Телефон: 8/7182/654415.

«КҚКО-ның кеңесші-менеджерлері бизнес-идеялардың пайда болу кезеңінен бастап түпкі нәтижесіне дейін бизнес-жобаларға жан-жақты көмек көрсетуге және қолдауға дайын. Біздің қызметтер жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер үшін де пайдалы. Мысалы, бухгалтерді, заңгерді немесе мемлекеттік сатып алулар бойынша маманның штатта болуына бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда кәсіпкер әрдайым КҚКО-мен байланыса алады, мұнда барлық қызметтер тегін көрсетіледі », - дейді Анель Жампейісова.

Айта кету керек, облыстың аудандары мен моноқалаларындағы жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер барлық қажетті қызметтерді әр аудан мен моноқаладағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында ала алады.

«Кәсіпкерлік жолына алғаш қадам басқан адамдарға мен өз бизнесіңіздің негіздері бойынша «Бизнес мектебінде» тегін білім алуға немесе «Бастау» жобасының қатысушысы болуға кеңес беремін. Карантиндік шараларды ескере отырып, оқыту онлайн режимінде Atameken Academy платформасы арқылы жүзеге асырылады, бұл өте ыңғайлы. Толық ақпарат алу үшін 8/7182/660311, 5511, 5560, 5554 ішкі телефондары арқылы облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгіне аласыз», - деді Анель Жампейісова.

Сервистік қызметтерді пайдаланғандардың ішінде Баянауыл ауданынан «AKAD-agro» ЖК бар. Бұл кәсіпкерге бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетілді,
Кәсіпкер БЖК-2025 бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты. Бизнес-идеяны сәтті қорғаған ол қаздың ысталған етін өндіруге грант ұтып алды.
Бұл «AKAD-agro» ЖК-нің кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысудағы алғашқы тәжірибесі емес. 2019 жылы ол құс өсірудің бизнес жоспарын әзірлеп,  жеңілдетілген несие алды. 
 Ақсу қаласының жеке кәсіпкері Рум да  бизнес-жоспарды жасау үшін КҚКО-ның менеджерлеріне жүгінді. Ақпан айының басында кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылқы өсіруге ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаражат алды.

«2020 жылдың басынан мамыр айына дейін 273 кәсіпкерге көмек көрсетілді. 257 кәсіпкер сервистік қолдау алды. 11 мамырдан бастап олар онлайн режимінде де, офлайн режимінде де кәсіпкерлермен жұмысты толығымен қайта бастады. Жалғыз шарт: маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Бизнестің идеяларын жүзеге асыру бойынша павлодарлықтар мен облыс тұрғындарын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шақырамыз », - деп қорытындылады Анель Жампейісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер