«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы «Жақсылық Челленджі» бастамасын бастады

2020 жылғы 29 Наурыз
- Алматы қаласы
7806 просмотров

Қорғану құралдары, медициналық жинақтар, гигиена құралдары және 7,5 млн теңгеге зарарсыздандыру құралдары, қазақстандық компанияларға, медициналық мекемелерге, балалар үйлері мен «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығына сыйға тартылды.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығына кіретін қазақстандық компаниялар медициналық мекемелерге, балалар үйлеріне және «Балдаурен» балаларды оңалту орталығына 7,5 млн.теңгеге, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық жиынтықтар, сондай-ақ зарарсыздандыру құралдары мен жеке гигиена тауарларын сыйға тарту етті.

Науқанды бастаған алматылық компаниялар қатарында «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС, «ProfiModa» ЖШС, «КазСПО-Н» ЖШС, «МИМИОРИКИ» ЖШС, «Endeavour» ЖШС, «ASKIM-TEX» ЖШС, «Казлегпром Алматы» ЖШС, «Сымбат сән академиясы» ЖШС, «Болашақ бірыңғай үйі», ЖШС «Швейное производство Елена» ЖШС бар.

Науқанға Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай және Талдықорған қауымдастығының мүше компаниялары қосылды.

Ақтөбеден бұл «Глобал-Спецодежда» ЖШС, Шымкенттен – «Гаухар» ЖШС, «Алатекс» ЖШС,  «Жібек» ЖШС, Шымкент қаласындағы «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС филиалы, Қостанайдан - «Большевичка» ЖШС.

Қауымдастықтың хабарлауынша, бұл тек науқанның бастамасы, алдағы уақытта  Қазақстанның басқа өңірлері де осы эстафетаны қабылдайтын болады.

Оңтүстік астанада «Жақсылық челленжі» науқаның өткізуге Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы қолдау білдіруде.

«Барлығы 3120 көп рет қолданылатын медициналық маскалар, 240 орамал, 713 медициналық халат және бас киімдер, 107 медициналық жиынтық және 32 жұп хирургиялық тәпішке, сондай - ақ зарарсыздандыру құралдары мен жеке гигиена тауарлары берілді», - деп хабарлады Қауымдастық өкілдері.

Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы 1999 жылы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бастамасымен құрылған. Оның құрамына тоқыма, трикотаж, тігін, былғары және тері және аяқ киім өндірісі, сонымен қатар өнім сапасын тексеретін зертханалар, оқу орындары және басқа да ұйымдар кіреді. Қауымдастық құрамында 130-дан астам компаниялар бар.

Сондай-ақ, қауымдастық құрамына Қазақстанның үлпек сауда-өнеркәсіптік қауымдастығы және Қазақстан былғары шикізаттары мен тері өңдеушілер қауымдастығы кіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында бес өкілдік ашылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер