«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында «Бастау» түлегі ойын орталығын ашты

2020 жылғы 08 Қаңтар
- Павлодар облысы
4874 просмотров

Жаңажылдық мереке қарсаңында Көктөбе ауылының тұрғыны Елена Плаксина аудан тұрғындарына сыйлық жасап ойын-сауық орталығын ашты

Орталық денсаулығы нашар адамдар және ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған. 2019 жылдың басында Елена Плаксина «Бастау» жобасына дайын бизнес-идеямен келді.  Бұл идея кездейсоқ емес, өйткені ауылда балаларға, әсіресе ерекше балаларға арналған орындар жоқтың қасы.

«Мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын орталығын ашамын деген мақсат қойдым. Идеяны жүзеге асыруға «Бастау» жобасы көмектесті, осында оқуға қатыстым. Бизнес-жоспар дайындадым, оны сәтті қорғап мемлекеттік гранттың иегері атандым. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жобаны жүзеге асыруға несие алдым. Орталыққа арналған орынжай табу қиынға соқты, өйткені ауылда балалар орталығына сай келетін бос ғимараттар жоқ. Жергілікті әкімдік көмекке келді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған велотренажер, «шаг за шагом» костюмын алдым», – деді Елена Плаксина.

 Көктөбе ауылындағы «Балапан» ойын орталығы ауданның кішкентай тұрғындары арасында танымал. Орталық 1-10 жас аралығындағы балаларға арналған. Төлем құны төмен – 350 теңге. Жеңілдіктер бар. Осылайша мүгедек балаларға, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы балаларына төлем құны 250 теңгені құрайды.

 «Негізгі мақсатым – сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіру. Бұл проблеманы жақсы білемін, өйткені өзімде сал ауруға шалдыққан 12 жасар балам бар. Ауылда мүгедектерге бос уақытты пайдалы өткізетін жер жоқ. Жағдайы барлар балаларын аудан орталығына апарады, қалған балалар ше? Сондықтан мұндай орталық ауылға керек. Қазір өзім жалғыз жұмыс істеймін. Келешекте көмекшілер алып, өзім шалғай жатқан ауылдардан балаларды тасып, орталыққа әкелуді жоспарлап отырмын. Дені сау балалар ауру балалардан қорықпай, мүгедек балалар қысылмауы керек», – дейді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер