«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық тасымалдаушылар жеңілдікпен жүретін жолаушыларға кеткен шығындарды өтеуді сұрайды

2019 жылғы 07 Қазан
- Павлодар облысы
5086 просмотров

Автобуспен тасымалдаушылар 400 млн теңгеден астам қаражатын ала алмай келеді

Автопарктер жеңілдікпен жүруші азаматтардың 2 категориясының орнына 19 категориясына қызмет көрсетеді.

Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың хабаралуынша, Павлодар облысы Кәсіпкероер палатасына «Павлодар облыстық көлікшілер одағы» қауымдастығынан жеңілдікпен жүруді қамтамасыз ету үшін Павлодар қаласының тасымалдаушыларының шығындарын өтеу бойынша өтінім келіп түскен.

 «Орын алған ситуацияны объективті шешу мақсатында Көлікшілер қауымдастығының өтінімі Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің қарауына шығарылды. «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушылар тегін, жеңілдетілген тарифті екі категория бойынша ғана қызмет көрсетуге міндетті. Алайда Павлодар қаласы әкімдігі әрекетінің нәтижесінде қазіргі таңда тасымалдаушылар жеңілдетілген тасымалды 19 категория бойынша жүргізуге мәжбүр. Нәтижесінде тасымалдаушылар 400 млн теңгеден астам табыстан қағылып отыр», – деді Сейфолла Қасымқанов.

 «Павлодар облыстық көлікшілер одағы» қауымдастығының төрағасы Василий Рудаков жолаушылар ағынына мониторинг 2015 жылдан бері жүргізілмегенін айтты.

 «Бізде 6 тасымалдаушы компания бар. Жолаушылардың 19 категориясына жеңілдікпен жүруді қамтамасыз етіп отырмыз. Басқа облыс орталықтарында мұндай жоқ. Бірінші кезекте белгілі бір сома бөлінеді, содан сол суммаға жолаушылар ағымының орташа көрсеткішін сәйкестендіретін практика қалыптасқан. 2015 жылы біздің сұрауымыз бойынша мониторинг жүргізілген. Алайда, толық көлемде жүргізілмеді. Біз жолаушылар ағынын, соның ішінде жеңілдетілген тарифпен жүретін жолаушыларды толық зерттеуді сұрап отырмыз. Бұл жұмыс істелген жоқ. Жылдың соңында бізде қиын ситуация орын алды. Объективті есептеулер қажет», – деді Василий Рудаков.

Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, қалыптасқан жағдай тасымалдаушыларға Павлодар қаласы тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шараларды толық деңгейде қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бұған қоса жергілікті бюджет тарапынан бөлінетін қаржының аздығы тасымалдаушылар тарапынан азаматтардың жекелеген категориясын жеңілдікпен тасымалдауға қаржылық мүмкіндігінің болмауына әкеледі.

 Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға мүдделі тараптардың қатысуымен жолаушылар ағынының нақты орташа айлық санын есептеу үшін мониторинг жүргізу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер