«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасы жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған 400 адамның басын қосты

2019 жылғы 10 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
10997 просмотров

 9 қыркүйекте Солтүстік Қазақстанның 433 тұрғыны «Бастау» жобасымен оқуды бастады. Жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтығандар «Бастау» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқиды.

 Жергілікті колледждің аудиториялары мен дәрісханалары адамға толды. Студенттер сабаққа қатысып, білім алуда. Ал мына кең аудиторияда бизнес негіздері бойынша сабақтар өтеді, қатысушылардың барлығы дерлік жастар емес. 70 тыңдаушының қатарында жастар, және жасы 50-ден азаматтар бар. Олардың барлығын кәсіпкер болу мақсаты біріктіреді.

 «Кәсіпкерлік негіздері, қаржы сауаттылығын үйретеміз. Оқу модульдерінде кәсіпкердің жеке тиімділігі, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес-жоспар құрылымы, бизнесті ашу кезеңдері қамтылған. Бизнес-жоспардың қаржы жағын оқытамыз, осы модульдерді оқудан кейін тыңдаушылар жеке кәсіпкерлік ашуға дайын болады», – деді «Бастау» бизнес-тренері Нұргүл Болатова.

 Палата мамандары тыңдаушылардың өзара қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Әріптестік байланыс кейін кәсіп бастауда пайдалы болады. 4-лекте қатысуға облыстың 433 тұрғыны өтінім берді.

 «Оқу облыстың 9 ауданында және Петропавл қаласында ұйымдастырылған. Барлық қатысушыларға оқу құралдары мен жұмыс дәптерлері берілген. Курс аяқталған соң олар оқу аяқталғаны туралы сретификат ала алады», – деді ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Рахымбек Зейнуллин.

 Жобаны сабақтан қалмай, бизнес-жоспарын қорғағандар сәтті аяқтайды. Бизнес-жоспарды әр тыңдаушы өзі дайындайды. Бизнес-жоспарды қорғаған соң қатысушылар қайтарымсыз грант алуға өтінім бере алады. Аяжан Әскеровада бизнес идеясы бар. Бизнес-жоспарды педагог-психолог өз ойымен жазып шығады. Қорғаудан кейін оған мемлекетттен грант ретінде қолдау қажет етіледі.

«Облыстық кәсіпкерлер палатасынан «Бастау» жобасы туралы білдім. Қатысуға өтінім бердім. Мақсатым қосымша білім беру орталығын ашу. Онда қосымша сабақтар ментальді арифметика курстары өтеді. Қазір ата-ананың баламен айналысуға қолы тимейді «Ұзартылған» сабақтарға сұраныс үлкен»,– деді   Аяжан Әскерова.

Жыл соңына дейін облыстық палата үш лекте оқуды ұйымдастырады, оған 1,5 мың адам қамтылады.   Жыл басынан 990 адам «Бастау» жобасына қатысты.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер