«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» арқылы ауылда кондитер цехы ашылды

2019 жылғы 19 Тамыз
- Павлодар облысы
10214 просмотров

Жеке кәсіп ашу туралы Успен ауылының тұрғыны Марал Жандрахимова көптен беру армандаған. Арманды орындауға «Бастау» жобасы негіз болды

Жас әрі табысты мастер-кондитер Марал Жандрахимова – бстауыш кәсіпкер. Ол тәттілер, нан-тоқаштар, балкүлшелер, орамалар және бәліштерді дайындайды.

Кондитерліктегі өз жолын келіншек жақында бастады, бірақ қазірдің өзінен оның микро бизнесі табысты болады деп сеніммен айтуға болады. Кәсіпкердің өзі бұл кәсіпті бастауға жолдасы қолдау көрсетіп, себеп болғанын айтты. Жұбайының қалауын білген ер азамат оған  «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес берді. Кәсіпкерлер палатасының Успен ауданы бойынша филиалынан Марал Жандрахимова кеңес алды, сүйемелдеу алып, 2018 жылы «Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқып шығады.

Курс аяқтаған соң бизнес-жоспарды қорғап шығады, «Еңбек» бағдарламасымен мемлекеттік грант алды. Грант қаражатына жеке қаражатты қосып, Марал Жандрахимова мини кондитер цехына қажетті жабдық сатып алды.

«Кондитерлік цехты ашып, қызықты да тартымды «тәтті» өмір басталды. Бастапқы кезеңде өнімді сату қиынға соқты, бірақ үш ай өткен соң тапсырыстар келе бастады. Осы кәсіпті сүйемін, үнемі жаңа нәрсе үйренемін, кондитерлік өнімдерді түрлі дәммен шығаруға тырысамын», – деді кәсіпкер.

 «Бастау» түлегі өз өнімін әлеуметтік желі арқылы ілгерілетеді, ол аудан мен ауылдағы түрлі топтарға кіріп, жарнама тастайды. Сатып алушылар сапа мен дәмді еркше бағалап, жағымды пікір айтуда. Барлық әзірлемелер табиғи өнімдерден жасалады. Кәсіпкер өзіне, өз күшіне сенімді. Болашақта үлкендеу цех ашу жоспарда. 

 Өз кәсіби дағдыларын жетілдіре отырып, Марал Жандрахимова Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларында шеберлік сабақтарына қатысқан. Ендігі мақсат – халықаралық кәсіпқойлардың шеберлік сабақтарына қатысу.

 «Кәсібімдегі негізгі міндет – клиенттердің көңілінен шығу. Жастар мен өскелең ұрпаққа мемлекет ұсынып жатқан мүмкіндіктерді қолданып, кәсіп бастауға шақырамын. Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтамын, «Бастау» жобасы арқылы өз арманымды орныдадым», – деді кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер