«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Басты миссия – бизнесті қолдау

2019 жылғы 14 Наурыз
- Қарағанды облысы
6474 просмотров

Бүгін өңірлік Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті, онда Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов Палата қызметі туралы ақпарат беріп, «Аtameken Services» жаңартылған порталдың таныстырылымын жасады.

Ернар Күлпейісов сандардан бастады.

«2018 жыл ішінде 139 кәсіпкердің мүліктің құқығы қорғалды, осылайша бизнес 1,8 млрд теңгесін сақтап қалды.  Барлығы 393 кәсіпкерден өтінім түсті, осылайша істердің  35,3%-ын бизнес пайдасына шешуге қол жетті. Жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық нормалар үнемі бақылауда, 2018 жылы 73 сараптама берілді», – деді ӨКП директоры.

Оның айтуынша, 2018 жылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бизнестің 33 түйткілді мәселесін қарады, оның үштен бірі оң шешім тапты. Кеңестің көшпелі жиындарын өткізу практикасы жалғасуда, мәселен, 2018 жылдың қазан айында Қарағанды облысы прокуратурасы қабырғасында прокурордың қатысуымен көшпелі отырыс өтті.

  Қаржылай емес қолдау көрсету шеңберінде барлық бағыттар бойынша жоспардан алға кету үдерісі байқалып отыр. 2492 ШОБ субъектісіне 3 065 сервистік көмек көрсетілді. 2018 жылы ішінде әзірленген бизнес жоспарлардың саны 414 бірлікті құрады. 17 өңірдегі Кәсіпкерлерді қолдау орталықытарымен 25 000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетілді, бұл жоспарланған көлемінің 202%-ын құрайды.

 «Бастау» жобасы сәтті іске асып жатқанын атап кеткім келеді. 2018 жылы 1989 жұмыссыз адам кәсіп негіздерін оқыды, 800-ден астам жоба ауылды жерде жеке кәсіп бастау үшін  (жалпы сомасы 2,5 млрд теңге) несие немесе гранттық қаражатты алды.

 Қарағанды облысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қатарынан 1000 адам «Бастау» жобасына қатысады. Қазір бірінші лекке 400-ден астам қарағандылық қатыспақ. Курс бүкіл өңір бойынша 14 наурыз күні басталды.

 Әлеуеттік үміткерлер іріктеу тестілеуден өтті. Оның нәтижесі бойынша ары қарай оқуға 417 адам іріктелді.

 Спикер дуальді білім беруге жекелей тоқталды. Дуальді білім беру жүйесі жол картасына облысы бойынша 28 колледж енді, 164 кәсіпорынмен 1045 келісімшарт жасалды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан 46 оқу орталығы тіркелді, оның ішінде 31-і кәсіпорындар жанына құрылған. Сонымен қатар Палата ЖОО студенттері, мектеп оқушылары арасында жастар кәсіпкерлігін белсенді дамытуда. Колледждерде 23 бизнес-мектеп жұмыс істеп жатыр, 35 колледжде жас кәсіпкер клубтары жұмыс істейді.

 Мемлекеттік сатып алулар мониторингіне келер болсақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы әзірлеген отандық өндірушілер тізіліміне бүгін 500 жергілікті компания енген, оның ішінде 300-ден астамы – құрылыс материалын өндірушілер.

 «Былтыр өңірде облыстың әкімі орынбасарының төрағалық етуімен отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында комиссия құрылды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен ӨКП арасында жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды. Құрылыс алаңдары бойынша мердігерлер анықталу шарасына қатысты тапсырыс берушілермен және мердігерлермен ұқсас жұмыс жүргізілуде. Жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында ӨКП ай сайын мемлекеттік органдар және жобалық ұйымдар, жергілікті тауар өндірушілермен кездесулер өткізеді», – деді ӨКП директоры.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, сондай-ақ осы жылдың маңызды бағыты – кәсіпкерлерге сауалнама жүргізу барысы жайында ақпараттандырды. 2019 жыл 18 қаңтардан бастап Кәсіпкерлер палатасы облыстың кәсіпкерлеріне сауалнама жүргізуді бастады. Сауалнама бизнестің негізгі мәселелерін анықтап, олармен кері байланысты жолға қоюға, өзекті мәселелерді мемлекеттік органдармен шешу, сонымен қатар кәсіпкерлердің нақты мекенжайын нақтылау үшін жүргізілуде.

 «Мұндай жұмыс ҚР бойынша алғаш жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Қазіргі таңда 20 мың бизнес субъектісіне сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша бизнестің түйткілді мәселелерінің пулы қалыптастырылды, олар салалық бағыттар бойынша бөлінетін болады. Сауаланама 1 мамырда аяқталады», – деді ӨКП басшысы.

 Спикер сонымен қатар «Аtameken Services» жаңарған порталды таныстырды. Порталда «Несие агрегаторы» атты жаңа сервис пайда болды. Жаңа функция бір батырмамен барлық банкерде несие алу бойынша онлайн өтінім жіберуге болады.

 Сонымен қатар «Аtameken Services» порталында «Бастау» және «Бизнес-мектеп» курстары бойынша «Atameken.Academy» сервисі бар. Осы қосымшалар арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқып, білім жинап, жеңілдікпен несие алуға болады.

Ал заңгерлік көмек керек болса, порталда «Құқық қорғау» сервисі бар. Заңгерлік өзекті жауаптардан бөлек, жеке мәселемен ҰКП менеджерлеріне тікелей шығуға болады, мамандар мәселені шешуге көмектеседі.

 Портал арқылы бизнес-жоспарды әзірлеу, салықтық есептілікті, нарыққа маркетингтік зерттеулерді жүргізу – барлығы тегін 60 сервистік қызмет түрі «Қаржыландыру», «Біліктілік», «Құқық қорғау»  және «Сату» 4 негізгі бағыт бойынша қамтылған.

 «Портал техникалық тұрғыда кәсіпкерлердің ұсыныстары мен ескертпелерді назарға алып, үнемі жаңарып тұрады», – деді Ернар Күлпейісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер