«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкер «ATAMEKEN SERVICES» қызметтерін игеруде

2019 жылғы 14 Наурыз
- Павлодар облысы
6491 просмотров

«ATAMEKEN SERVICES» – бұл уақытты үнемдеу мен кәсіпкерлерге арналған нақты көмек, деп санайды Успен ауданы Қаратай ауылының тұрғыны, «Ертіс» фермерлік қожалығының иесі Ораз Құнанбай

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты – еңбек ресурстарының мобильділігін жоғарылату бойынша Ораз Құнанбай Алматы облысынан Павлодар облысы Лозовский ауылдық округіне қоныс аударды.

 Бұдан бөлек, шаруа осы бағдарламаның тағы бір бағыты – «Бастау» жобасын пайдаланып, оқуға қатысты.

 Кәсіпкерлік негіздері бойынша алынған білім пайдаға асып, бастауыш кәсіпкер бірден «Ертіс» фермерлік қожалығының негізін қалады.

 Фермерліктің негізгі қызметі – мал шаруашылығы. Шаруашылықтың басшысы сүтті бағыттағы ірі қараны өсіруде. Қазіргі таңда қожалықта 12 бас сүтті ірі қара бар.

 Мал шаруашылығын жүргізу күнделікті күйбең тірлік екені белгілі, сондықтан шаруаның бизнес жүргізуде түрлі мекемелерге барып, сапалы кеңес алуға уақыты жете бермейді. Осындай жағдайда «ATAMEKEN SERVICES» порталы ұсынған онлайн қызметтер таптырмас шешім. Портал арқылы бизнесті дамытуға қатысты сервистік қызметтерді алуға болады.

 «ATAMEKEN SERVICES» порталына тіркелдім. Кәсіпкерлерге арналған ыңғайлы және пайдалы портал. Онлайн қызметтерді алу арқылы уақыт үнемделеді, сәйкесінше, шаруашылықтың табысы артады. Ыңғайлылығы сол үйде отырып, бизнеске қатысты түрлі мәселелер бойынша кеңес алуға болады. «Atameken.Academy» және заңгерлік қызметтер сервисі көңілден шықты. Мен кәсіп ашу және бизнесті жүргізу қызметін пайдаландым. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнесмендердің заңгерлік сауаттылығына назар аударуы қуантады, бизнесті қолдау бойынша маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр. «Атамекенмен» байланысым жалғасады деген ойдамын», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер