«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» курсының тыңдаушысы Atameken Services порталы арқылы несие алмақ

2019 жылғы 12 Наурыз
- Қарағанды облысы
8080 просмотров

Стартапшылар «Бизнес мектеп» жобасы аясында оқудан өтіп, ATAMEKEN SERVICES порталының тегін қызметтеріне қызығушылық танытуда

Әлия Бағысованың сауда саласында 15 жылдық тәжірибесі бар, қазір ол сұлулық саласында жұмыс істеп жатыр. Сұлулық салонында Әлия орын жалдап, қас күтімі және шугарингтің маманы болып қызмет көрсетуде. Шебер «Атамекенмен» бірге жеке салонды ашуды көздеп отыр.

Осы күндері Әлия Бағысова стартапшыларға арналған «Бизнес-Кеңесші» екі күндік оқу курсына қатысты. Курсты Палатаның сертификаты бар білікті маманы Мұратбек Мұхатаев жүргізды.

«Биылғы оқуда басты құндылық – ауқымда. Біз Қарағанды қаласына ғана бағдарланбай, облыстың бәріне, жекелеген аудандарға көңіл бөлеміз. Өйткені бастауыш кәсіпкерге өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан қолдаумен қатар, білім мен машық ретінде қажетті көмек алып отыру маңызды. Осыны оқу курсы береді», – деді тренер.

 «Бизнес-Кеңесші» курсы «Бизнес мектептің» бір құрауышы, жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде жүзеге асуда.

Бизнес-тренер екі күн бойы кәсіпкерлікті жүргізу негіздері, заңгерлік аспектілер, қаржылық құрауыштар, маркетинг, қызметкерлерді басқару туралы пайдалы ақпарат берді.

 «Мұндай курстарға алғашқы қатысуым. Жүргізу әдісі мен тақырыптамаға дән ризамын. Оқытудың интерактивті формасы қашан да ұтымды. Бизнесмен ретінде даму деңгейінде жаңа білім алуды қалайсың. Алынған іскерлік білім, мәселен, «start-up» жобаға арнап екінші деңгейлі банктерден несие алуда керек болады», – деді Әлия Бағысова.

 Ары қарай даму мақсатында кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» курсын тәмамдаған соң берілетін сертификатты пайдаланбақшы. Өйткені бұл сертификат «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жастар және кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлер үшін грант алуға негіз.

«Бүгінгі мақсатым – жеке сұлулық салонын ашу. Мен білім алуды «Атамекенмен» бірге жалғастыра беремін. Сондықтан «Бизнес-Кеңесші» идеямды жүзеге асырудағы старт алаңы болмақ. Мен салық салу, басқа да құрауыштар бойынша көп мағлұмат алдым, жаңа идеялар туды. «Атамекен» палатасымен тығыз байланыстамын. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыны консультанттары маған маркетинг мәселелері бойынша көмек көрсетті, енді барлық қызметтерді онлайн алуға болады екен», – деді кәсіпкер.

 Әлия Бағысова Ұлттық палатаның «Atameken Services»  платформасындағы «Несие агрегаторы» мүмкіндіктерін пайдаланып көрмек.

  Порталға https://services.atameken.kz/ сілтемесі арқылы өтіп, жеке және кәіпкерлік қызметке қатысты деректерді теріп, оңай тіркелуге болады. Сайт бизнеске арналған 60 түрлі тегін сервистік қызметті алуға мүмкіндік беруде

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер