«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Омбылық кәсіпкерлер бизнес-миссиямен Павлодарға келді

2019 жылғы 27 Ақпан
- Павлодар облысы
6605 просмотров

Бүгін Ресей Федерациясы Омбы облысының бизнес-делегациясы  Павлодарға келді

Бұл өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Екі мемлекетті бұрыннан қалыптасқан достық және экономикалық қарым-қатынас байланыстырады.

 «Атамекен» ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Серік Әбілтаевтың айтуынша, бизнес-миссия барысында көрші өңірдің іскерлік топтары жеке экономикалық әлеуетін көрсетіп, ықтимал болатын өзара тиімді әріптестік ұстанымдарын белгілейтін болады.

«Кездесу барысында кәсіпкерлер «Атамекен» алаңында В2В форматында келіссөздер жүргізеді. Алдын ала келісімдер жасалатын болса, біз осы жобаларды ары қарай сүйемелдеумен айналысамыз», – деді Серік Әбілтаев.

Омбылық делегациясы ауыл шаруашылығы жабдығының өндірісі, жарық техникасы және химиялық өнімдер,  құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін компаниялардан құралған. Кездесу сағат 10:00-де, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 21, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтіп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер