«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкерлер «Аtameken Services» порталына баға берді

2019 жылғы 23 Қаңтар
- Павлодар облысы
7525 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Бухгалтерлер клубының 2019 жылдағы алғашқы жиыны өтті

Клуб жиынында бизнес өкілдері заңнамадағы жаңашылдықтарға қатысты сұрақтарына жауап табады. Осы жиын Қазақстанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен 17 қаңтар күні іске асқан қазақстандық кәсіпкерлерге арналған ауқымды сауалнамаға арналды.

ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Серік Әбілтаевтың айтуынша, сауалнама мақсаты: бизнестің негізгі мәселелерін анықтау, сонымен қатар кәсіпкерлермен кері байланыс орнату.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде көп жұмыс атқарылды. Бұл бизнесті қорғау, заңнамаға түзетулер, кәсіпкерлердің шығандары мен тексерулерін азайту, бизнес-ахуалды жақсарту. Маңыздысы біз мемлекеттік органдармен құрылымды диалог орната білдік. Қазіргі таңда Үкімет және мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпкерлердің мәселелерін нысанды шешу мақсатында әр кәсіпкерге баруды көздеп отырмыз», – деді Серік Әбілтаев.

Сауалнама екі кезеңде жүреді. Біріншісі – кәсіпкерлерге смартфон арқылы хабарласу. Екіншісі – бизнес-нысандарға барып, кәсіпкерлер мен ҰКП мамандарының жеке тілдесуі. Бухгалтерлер клубы жинының барасында кәсіпкерлерге арналған «Аtameken Services» платформасының жаңартылған нұсқасы таныстырылды.

«Аtameken Services» – онлайн режимде барынша көп қызмет түрлерін алу платформасы. Жүргізілетін сауалнама аясында «Атамекен» мамандары кәсіпкерлерге порталға тіркелуге көмектеседі. Сауалнамадан өтушілерден керегі бірнеше минут бөліп, қарапайым сұрақтарға жауап беру. Кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі басты мәселелер несиелер мен қаржы институттарына қолжетімділік, өнімді өткізу, құқықтық реттеу және оқумен байланысты екенін көрсетті.

 «Аtameken Services» порталының жаңа функциялары ыңғайлы және қолжетімді қызметтердің форматына осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Серік Әбілтаев «Аtameken Services» – бизнеске онлайн режимде алуға болатын пайдалы әрі тегін қызметтер деп атап өтті.

Мәселен, оның бірі – «Несие агрегаторы». Осы сревис арқылы несие алуға өтінім беруге болады. Өтінім автоматты түрде елдегі жетекші банктер мен қаржы институттарына жіберіледі.
 Ыңғайлы ма?

 «Әрине», – дейді 2014 жылдан бері жүк тасымалымен айналысып жүрген жеке кәсіпкер Андрей Галушко, – «Бизнесімді кеңейтуді, тағы бір жүк көлігін алуды жоспарлап отырмын. Банктен қаржылы алу мақсатында Палатаға бизнес-жоспарымды көрсетуге келдім. Бұл қызметтердің барлығын қашықтықтан жасауға болатынын білдім. Бизнесім мобильді, үнемі жолдамын. Сондықтан бұл өте ыңғайлы. «Аtameken Services» туралы естіп, бірден тіркеліп алдым, бизнес-жоспарға тапсырыс бердім, ары қарай «Несие агрегаторы» арқылы өтінімдерді жіберіп тұрамын».

Сонымен қатар порталда «Atameken.Academy» сервисі бар. Оның көмегімен «Бастау» және «Бизнес-мектеп» жобалары бойынша бизнес негіздеріне оқуға  болады. «Құқық қорғау» түймесіне өтіп, кәсіпкерлерлер бизнес жүргізудегі мәселелері жайында хабарлай алады, Палата мамандары мәселелері жылдам әрі кәсіби шешуге көмектеседі.

 «Promo Lombard» ЖШС директоры Руслан Ахметов бизнес-жоспарды құру, салықтық есептілікті өткізу бойынша қызметтер өте ыңғайлы. Сонымен қатар нарыққа маркетингтік зерттеулерді жүргізу, барлығы алпыстан астам қызмет түрі 4 негізгі бағыт бойынша көрсетіледі.

  «Аtameken Services»-ден бизнес үшін пайдасы орасан. Әдетте кәсіпкерлер үшін ең құнды ресурс – уақыт. «Аtameken Services» порталы бизнесмендерге онлайн режимде маңызды мәселелерді тез, кәсіби, тегін шешуге жол ашады. Осыған байланысты кәсіпкерлерді сауалнама жүргізуге түсіністікпен қарап, бастамамызды қолдауға шақырамыз», – деді Серік Әбілтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер