«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкер «Денсаулық сусынын» өндіреді

2018 жылғы 26 Желтоқсан
- Павлодар облысы
11128 просмотров

«Денсаулық сусыны» – деп атайды өзінің өнімін «Жасыл ферма» дұрыс тамақтану компаниясының иесі Татьяна Ивакина

«Жасыл ферма» витграсс – бидай өскінің шырынын өндіреді. Бұдан басқа фермада майда көк шөп өсіріліп, бидай сүті өндіріледі.

«Органикалық өнімдерді гидропоника әдісімен өсіреміз. Өсірудің бұл түрі топырақты қажет етпейді, мұнда табиғи жарық пен таза тамырлық жүйе қолданылады. Қазір өндірісте шамамен 20 түрлі көк шөп өсірілуде. Бұл руккола, райхан, аскөк,бұйра бұршақ, күнбағыс, дайкон, шалғам, кресс-салат. Өніміміз сертификатталған. Павлодар қаласының бірнеше мейрамханасымен жұмыс істейміз. Олар микро көкшөпті асханаға қолданады, арнайы мәзір әзірлейді, осылайша тағам түрлеріне ерекше сән мен дәм беріледі», – деді Татьяна Ивакина.

Табиғи өнмідерді өсіру идеясы жыл басында қолға алынды. Ол кезде бастауыш кәсіпкер Павлодар ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалы көмегіне жүгінді. Филиал директоры Әнуар Қалышбековтың айтуынша, кәсіпкерліктің дамуына жақсы серпінді Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы беріп отыр, оның аясында ауылда шағын несиелеу жолға қойылып келеді.

 «2018 жылдың бірінші тоқсанында «Жасыл ферма» жеке кәсіпкерлігі микро көк шөп өндірісін жолға қоюға көмектесуді сұрады. Біз «Бастау» жобасына қатысуды ұсындық. Қазіргі таңда кәсіпкер ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдікпен қаржыландыруды алды. Осы қаражатқа өндіріске қажет жабдық пен құралдар алынды, өндіріс жұмыс істеп жатыр», – деді Әнуар Қалышбеков.

 Кәсіпкердің айтуынша, бұл кәсіптің   Павлодар облысында бәсекелесі жоқ. Бұған қоса «Жасыл ферма» Астана, Ақтөбе, Алматы мен Өскеменде филиалдарын ашты. «Бастау» жобасына қатысу арқылы іскер ханым өндірісті өнеркәсіптік ауқымда дамыта алды. Енді ол өнімді супермаркеттер, спорт және диеталық тамақтану бөлімшелері арқылы өткізуді көздеп отыр.

 «Біз тұтынушылардың кең ауқымына бағдарланып отырмыз. Бастапқыда шағын жабдық сатып алдық, біразын өз қолымызбен жинадық, өсіруді сынақпен, кейде қателесіп, бірінші өнімді алдық. Бірінші алынған өнімді тұрғындар, жақындардың бағасын алу үшін дәм татқызып, ауыз тиюге тараттық. Елден алған оң пікір алға жетеледі. «Бастау» жобасы кәсіп негіздеріне оқып алуға, бизнесті кеңейтуге көмектесті. «Атамекен» қолдауымен бизнесімізді дамытып жатырмыз», – дейді Татьяна Ивакина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер