«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда мектеп оқушыларына арналған МВА сабақтары өтеді

2018 жылғы 25 Желтоқсан
- Алматы қаласы
7398 просмотров

Тараптар  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының Білім беру басқармасы және «Тұран» университеті қала мектептері оқушыларына арналған бизнес-білім беру бағдарламаларын дамыту мақсатында үшжақты келісімге қол қойды.

Білім беру бағдарламасы үш кезеңді: 1-4 сынып оқушыларына арналған Kinder MBA, 5-8 сыныптарға арналған Junior MBA, 9-11 сыныптарына арналған Тeen MBA-ны қамтиды. Іскерлік әкімшіліктендірудің бұл бағдарламалары оқушылар бойында бизнесті жүргізу, кәсіпкерлік шеберлік пен көшбасшылық әлеуетті дамыту, креативтілік, шығармашылық ойталқы, экономикалық және қаржылық сауаттылықты жетілдіруге бағытталған.

Әр курс 4-5 модуль/8-10 сабақтан 2 оқу мерзімінен тұрады. Осы уақыт аралығында бастауыш сынып оқушылары ертегілер арқылы экономиканы игеріп, қаржылық сауаттылық, маркетинг негіздері мен бизнесті жобалау жаттығуларын оқиды. Балалар ақшаны ұқыпты жұмсауды, жаңа өнімді шығару дағдылары, жарнама жасау мен мықты идеяларды ойлап табуды үйренеді. Орта сынып оқушылары кәісіпкерлік тәуекелдерді бағалау, бюджетті жобалау мен құру, салықтар мен мемлекеттік шығындар тұжырымдамасымен танысып, өздерінің мықты және осал тұстарын екшеп, дизайн-ойлауды дамытады. Жоғары сынып оқушыларына командада (менеджмент негіздері) жұмыс істеу, қаржылық менеджменттің стратегиялық мәселелерін жүйелі түрде қарастыру, бәсекелестердің әлеуетін талдау және ресурстардың дұрыс бөлінуі, цифрландыруды енгізу және бизнесті жаңашылдандыру және алғашқы стартап жобаны құру үйретіледі. Барлық жаттығулар ойын, квест, командалық жаттығулар, топтық талқылау мен табысты кәсіпкерлермен кездесуден тұрады.

 «Меморандумның мақсаты – мектеп оқушылары бойында кәсіпкерлік ойлау мен кәсіпкерлік машықтарды қалыптастыру, оқу  кезеңінде кәсіпкерлік дағдыларды құру, жастардың іскерлік белсенділігін арттыру және Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанда жаппай кәсіпкерлікті дамыту идеясын дамыту. Бұл білім беру жобасына жан-жақты қолдау көрсететін боламыз. Мәселен, балалар табысты кәсіпкерлермен танысып, олармен тікелей сұхбаттасатын болады. Олардан үлгі алып, пайдалы кеңестер, жақсы идеялармен қарулануға мүмкіндік алады», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

  Балаларды кәсіпкерлік негіздеріне сертификаттары бар білікті бизнес-тренерлер және «Тұран» университетінің оқытушылары үйрететін болады. Сабақтар жұмыс күндері және сенбі күні университет пен мектептерде факультатив түрінде жүргізіледі, қатысу ерікті болады. Сабақ уақытында балалар жоба дайындап, оны курс аяқталғанда қорғайды. Үздік және озат оқушылар «Тұран» университетінің Kinder MBA, Junior MBA, Тeen MBA дипломдарын алады. Жоғары сынып оқушыларына мұндай диплом «Тұран» универсиеттінде оқуға жеңілдік алу құқығын береді.

 «Білім беру пилоттық жобамызды Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мен қалалық білім беру басқармасы қолдады. Жоба оқушылардың ата-аналары жасаған төлемдер арқылы қаржыландырылады. Курсы құны МВА деңгейне байланысты, 1 модуль үшін айына  20-60 теңге аралығы. Сабақ өту кезеңінде оқушылар алатын дағдылар мен білім олардың ересек өмірінде пайдалы болады, олар қаржы мәселелерін дұрыс шешу жолдарын үйренеді, проблемаларды шешуге қорықпайды, жауапкершілікті қабылдайды және табысқа жетуге талпынатын болады. Осылайша біз еліміздегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту қозғалысына өз үлесімізді қоспақпыз. Бұл жұмыс мектептен, тіпті балабақшадан басталуы керек. Аталған практика Финляндия, Ұлыбритания, Түркия, БАӘ және Ресейде жақсы дамуда», – деді «Тұран» университеті жанындағы Халықаралық көшбасшылық интситутының директоры Гүлжанат Таяуова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер