«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірге Ресейдің Курган облысынан бизнесмендер делегациясы келді

2018 жылғы 06 Желтоқсан
- Павлодар облысы
7879 просмотров

РФ Курган облысының делегациясы ресми сапармен Павлодар облысына келді

Екі тараптың бизнесмендері бірақатар келісімдерге қол қойды. Бизнесмендер Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кездесті.

Ресейлік әріптестер түрлі жоғары сұрыпты ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктердің тұқымын импортқа ұсынды, бұл тұқым түрлері Ертіс өңірінің шаруалар арасында кеңінен қолданыс тапқан.

Тағы бір ұсыныс туризм саласына қатысты болды. Павлодарлықтарға емдік қасиетімен танымал Аю көлі (Медвежье озеро) аймағына демалу және денсаулықты жақсарту ұсынылды. Павлодар тарапы әріптестерге «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта ынтымақтасудың жеңілдетілген шарттарын ұсынып, сонымен қатар алюминий және бигбэг өндірісімен таныстырды.  

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Курган облысының инвестициялық агенттігі» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар бизнес-қоғамдастықты экономика мен екі жақтың экспорттық мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында бизнес-миссияларды ұйымдастыру, кәсіпкерлердің іскерлік байланысын орнату, көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларды өткізуді көздеп отыр.  Бұдан бөлек мамандарды оқыту мен тағылымдамадан өткізу жоспарланып отыр.

«Курорты Зауралья» АҚ туризм саласында «Компания «Пять звезд» ЖШС, «Ривьера-Тур» ЖШС және «Роман-тур» ЖШС компанияларымен агенттік келісімшарттар жасады.  
 РФ Курган облысы губернаторының орынбасары Сергей Пугин өңірде 71,4 мың шаршы метрде тұратын  халық саны 845,5 мыңды құрайтынын хабарлады. Курган облысы аумағынан Жібек жолы торабы, Ертіс тас жолы және Транссібір теміржолы орналасқанымен танымал. Мұнда  автобустар, өрт автомобильдері, көпір металл конструкциялары, автокөліктерге арналған радиаторлар шығарылады. Екі бизнес-қоғамдастықтың іскерлік кездесуі Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық аясында мүмкін болды.

«Кездесуге Павлодар облысынан 40-қа жуық бизнесмен қатысты. Олар машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм, құрылыс, мұнай химия, металлургия саласында жұмыс істейді. В2В келіссөздер аясында бірқатар келісімдер жасалды», – деді Павлодар облысы ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Серік Әбілтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер